Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанады – Мемлекет басшысы

"Қазақта «Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады» деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. «Әр қиындықтың қайыры бар» дейді халқымыз. Біріншіден, тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді", - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында. Мемлекет басшысы тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанатынын айтты. "Екіншіден, елдің жағдайын жақсарту үшін ешкім қиындықтың келуін күтіп отырмайтыны анық. Дегенмен, мұндай апаттар біраз шаруаны шұғыл қолға алуға себепкер болады. Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Жалпы, әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі. Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады", - деді Президент. Ол еліміздің басты құндылықтары мен бағыт-бағдарынан айнымайтынымызды айтты. "Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын. Осы қастерлі міндет Әділетті Қазақстанды құру және белсенді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізу арқылы ғана орындалады. Биік мақсатқа жету үшін түрлі кедергіден өтеміз, барлық қиындықты жеңеміз. Ауқымды міндеттерді орындаймыз. Біз еліміздің басты құндылықтары мен бағыт-бағдарынан айнымаймыз. Мемлекеттілігімізді нығайтып, тәуелсіздік туын әрдайым биік ұстаймыз. Мен бұған нық сенемін және сол үшін бәрін жасаймын. Бұл – менің президенттік әрі перзенттік парызым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды
Астанада полицейлер күшейтілген режимге ауысты
Төрт Қазақстан спортшысы шаңғымен трамплиннен секіруден Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
Бюджет қаражатын ысырап еткендерге сот үкімі шықты