«Тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті», - Президент

«Тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті», - Президент

Алапат тасқын, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізді. Тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл халық көмектесуге ұмтылды. Бұл туралы Президент «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті 33-сессиясында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жиында мемлекет халықпен бірге екенін айтып, зардап шеккен әр шаңыраққа бір реттік көмек пен өтемақы беріледі, - деді. Бұдан бөлек, баспана салынып, несие төлеу мерзімі ұзартылады. Мұны Мемлекет басшысының өзі қадағылауына алады. Сессияда тағы қандай мәселелер қозғалды? Аружан Задабек айтады. Биыл әлемде табиғи апат көбейді. Біздің ел де ауыр сынақтан өтті. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су шайды. Бірақ елдің мызғымас бірлігі дәл осы кезеңде көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер мен мемлекеттік қызметшілер – бәрі бірге әрекет етті. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Жанашырлықтың арқасында 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды. Мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізіледі. Әрине, маңдай термен тірнектеп тапқан дүние-мүлікті бір сәтте жоғалту оңай емес. Мен мұны түсінемін. Зардап шеккен азаматтарға тағы да айтамын: бүкіл халық – сіздермен бірге. Тасқыннан зардап шеккендерге Қазақстан халқы ассамблеясы да қол ұшын созуға асықты. Дереу Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабы құрылды. Қазір «Жүректен жүрекке» деген ауқымды акция жүріп жатыр. Күні бүгінге дейін 1500 тоннадан астам азық-түлік пен ең қажетті тауарлар жолданды. Оның жалпы сомасы шамамен - 770 миллион теңге. Су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ассамблея мүшелері «Қайырымдылық керуені» жобасы арқылы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп жүр. Былтырдың өзінде құны 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек берілді. Бірлігі мықты халықтың күш-қуаты азаматтардың бір-біріне деген осындай қамқорлығынан айқын көрінеді. Президент жиында Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет, - деді. Оны Құрылтайдың Атыраудағы отырысында да айтқан. Сол кезде негізгі идеологиялық тұжырымдар жинақталып, жүйеленген. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқталды. Сессияда бұл тақырыптардың талқылануы бекер емес. Өйткені Ассамблея нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуде маңызды рөл атқарады. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ассамблеяның институционалдық әлеуетін нығайту қажет. Оның мемлекеттік органдармен, Парламентпен және мәслихаттармен қарым-қатынасын жақсарта түсу маңызды. Соңғы жылдары Ассамблеяның қызметі айтарлықтай өзгерген. Бұл құрылым қоғамдағы аса маңызды институтқа және этномәдени бірлестіктердің бас штабына айналды. Ассамблеяның кезекті сессиясын тасқынмен күрес тақырыбы көп қозғалды. Президент іске асып жатқан жұмыстарды тарқатып айтты. Мәселен, отырыста Тараздағы Қазақ гидромелиорация-құрылыс институты қайта құрылатынын естідік. Алматыдағы Сейсмология институттың да әлеуеті күшейеді. Климат өзгерістерін зерттеп, тежеуге айрықша назар аударылады. Су шаруашылығы саласын басқару жүйесі қайта құрылмақ. Елдегі бөгеттер мен бөгендердің барлығы дерлік өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған. Заман талабына сай су қоймалары тапшы болғандықтан, биылғы тасқынның зардабы тіпті ауыр болды. Сондықтан Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады, тағы 15-іне күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда 134 елді мекенді су басу қатері едәуір азаяды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл қызмет жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысады. Қоршаған ортаның жай-күйіне бәріміз жауаптымыз, мұны естен шығармау керек. Қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялау қағидасын дәріптеген жөн. Менің бастамаммен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны өтіп жатыр. Табиғат апатын еңсеретін күн алыс емес. Топан су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келтіріледі. Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі. Бүлінген инфрақұрылымды жөнге келтіру де басталады. Баспанасын өз күшімен қалпына келтіремін деген азаматтарға өтемақы төлеудің бөлек жолдары қарастырылады. Осы қыруар жұмыстың бәрі 5 айда аяқталуы тиіс. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мемлекет азаматтарды қолдау үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Зардап шеккен әр шаңыраққа бір реттік көмек беріледі. Бұдан бөлек, шығынды санағаннан кейін жойылған немесе зақымдалған мүлік үшін де өтемақы беріледі. Мемлекет бүлінген баспаналарды жөндейді, қирап қалған үйлердің орнына жаңасын салады. Қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет. Қазақта «Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады» деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. Әр қиындықтың қайыры бар Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады. Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Жиында Президент көтерген тағы бір мәселе – тіл. Тіл, расында, мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Президент қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенім білдірді. Сөйтіп оның дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды ордендермен марапаттады.

Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
  • el.kz
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
  • sn.kz
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
  • baq.kz
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
  • aqshamnews
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
  • aqshamnews
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
  • aqshamnews
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
  • aqshamnews
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
  • aqshamnews
Екі облыста жол жабылды
Екі облыста жол жабылды
  • aqshamnews
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
  • aqshamnews
Доллардың бүгінгі бағамы
Доллардың бүгінгі бағамы
  • aqshamnews
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
  • aqshamnews
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
  • aqshamnews
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
  • aqshamnews
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
  • aqshamnews
  АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
  • aikyn
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
  • baq.kz
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
  • aqshamnews
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
  • el.kz
Талғардағы қайғылы оқиға: желіде боттар мен фейктер тарап кетті
Талғардағы қайғылы оқиға: желіде боттар мен фейктер тарап кетті
  • Massaget
  Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
  • aikyn
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
  • aqshamnews
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
  • el.kz
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
  • baq.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қазақстан Первый канал кубогында үшінші ойынын өткізді
Қазақстан Первый канал кубогында үшінші ойынын өткізді
  • penalty
Қазақстан шорт-тректен Сеулдегі World Tour кезеңінде бесінші орын алды
Қазақстан шорт-тректен Сеулдегі World Tour кезеңінде бесінші орын алды
  • turkystan
Томас Тухель Коул Палмер туралы оғаш сұхбат берді:
Томас Тухель Коул Палмер туралы оғаш сұхбат берді:
  • sport12.kz
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
  • bassport.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Елімізде автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» енгізілді
Елімізде автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» енгізілді
  • turkystan
Шымкентте 18 колледж директоры жазаланды
Шымкентте 18 колледж директоры жазаланды
  • turkystan
Қостанай облысында миында сырқаты бар жігітті әскерге алып кеткен
Қостанай облысында миында сырқаты бар жігітті әскерге алып кеткен
  • halyq-uni
Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кеткен
Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кеткен
  • turkystan