Тасқын судан зардап шеккен 3 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілді. Қазір өңірлік комиссияға бірқатар облыс тұрғындарынан 16 343 өтініш түскен. Нәтижесінде 2787 отбасыға 2,4 миллиард теңге біржолғы төлем берілді. Ал, 565 миллион теңге 1377 отбасыға келтірілген материал шығыны үшін үйлестірілді. 3053 тұрғын үй тексеріліп, оның 1807-іне бағалау жүргізілді. Қазірдің өзінде 206 отбасыға үйін жөндеті үшін 254 миллион теңге аударылған. Су апаты басталғалы бері азаматтық қорғау қызметтері 118 180 адамды құтқарды. Оның 8821-і эвакуациялық пунктерге орналастырылды. Тасқын басылған аумақтарда 19715 тұрғын үйіне оралды. 113852 ауылшаруашылығы жануары да қауіпсіз жерге шығарылған. Қазір 10,5 миллион текше метр еріген су сорылды. Ал сенім телефонына 1971 қоңырау түскен. ТҰРҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІЗардап шеккен өңірлер - Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан; 16 343 өтініш түсті; 2 728 отбасы 2,4 млрд теңге біржолғы төлем алды; 1 377 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін 565,7 млн теңге өтемақы берілді; 3 053 тұрғын үй тексерілді; 1 807 нысан бағаланды; 206 отбасы жөндеу жұмыстары үшін 254 млн теңге төлем алды.