Тасқыннан қырылған малдың 98 пайызына өтемақы төленді — вице-министр

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин тасқыннан зардап шеккен 12 мыңнан астам малдың 237 басына ғана өтемақы төленбегенін айтты, - деп жазды KAZINFORM.«Қора, үй сияқты мүліктің бәрі жылжымайтын мүлік тізбесінде тұрады. Сондықтан ол ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына жатпайды. Біз мал санағын жүргіземіз. Соған сәйкес 12 500-ге жуық мал шығыны тіркелді. Соның ішінде 237 бас малдан басқасының бәріне, 98 пайызына өтемақы төленді», — деді вице-министр. Аманғали Бердалин қора-қопсыны қалпына келтіру мәселесімен жергілікті комиссияға жүгінуге болатынын айтты. «Барлық өтініштерді жергілікті комиссиялар қарайды. Оны төлейтін - жергілікті атқарушы органдар. Әуелі комиссияға өтініші берсе, тексерсе, қажет болса не қордың есебінен, не бюджет есебінен төлеу жөнінде шешім қабылдайды», — деді вице-министр. Оның айтуынша, қалған 237 бас малдың өтемақысына қатысты әлі шешім қабылданбаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда кеме құрастыратын зауыт салынбақ
Сенаторлар өңірлерде жергілікті тұрғындармен кездеседі
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
35 градус аяз күтіледі