Тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысын онлайн көруге болады

Елімізде тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған баспананың құрылысы онлайн бақыланады, - деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.Ведомствоның ахуалдық орталығында тұрғын үйлерді қалпына келтіру шаралары жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатыстыВице-министр тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспананың құрылысын онлайн режимде Bitrix цифрлық платформасы арқылы бақыланатынын атап өтті. Құрылыс алаңдарында бейнебақылау камералары орнатылады. "Тұрғын үйлерді салу және жөндеу барысында сапаға ерекше назар аудару қажет", – деді Қуандық Қажкенов. Айта кетейік, бүгінде тасқыннан бүлінген үйлерді жөндеуге және қалпына келтіру үшін 677 отбасына өтемақы төленді, ал 257 отбасыға жаңа үй мен пәтер берілді. Бұдан бөлек Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 814 үйдің құрылысы басталды. 20 мамыр сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша елімізде 61 352 адам өз үйіне оралды. "5 452 адам эвакуациялау пункттерінде орналастырылды. 11 319 тұрғын үй мен 3 593 ауладан су бұрылып сорылды. 22,9 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. Тасқынға қарсы 7,9 млн қапшық пен 1,5 млн тоннадан аса инертті материал төселді", - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«AMANAT»: Павлодарда инклюзивті оқытуды дамыту мәселелері талқыланды
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайы туралы не белгілі?
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 6 адамның тірі қалғаны белгілі
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады