Тәтті шоколод пен спирттік өнімдерді сыйлық ретінде беруге болмайды

Жаңа жылға 4 күн қалды. Әдеттегідей, отбасылық мейрамға дайындық бірнеше күн бұрын басталып кетті. Барлық жерде ығы-жығы халық. Арна тілшісі Аружан Задабек қалаға шығып, халықтың көңіл-күйін біліп келді. Сюжет көрейік. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Жаңа жылды жұртшылық асыға күтеді. Үлкен де, кіші де ғажайыпқа сенеді. Келер жылға сенім артады, жақсы жаңалық күтеді. Бір-бірін қуантқысы келгендер қазір сыйлық іздеп сабылып жүр. Сауда орындары мен базарларда адам көп. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы күндері елімізде парфюмерия мен косметика саудасы өскен. Себебі, сыйлық ретінде жұрт көп алатын көрінеді. Ал, мамандар беруге болмайтын сыйлар да бар дейді. Мысалы, тәтті шоколод пен спирттік өнімдерді ұсынуға болмайды. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Енді Астанадағы демалуға болатын ең әдемі жерлерге барамыз. Қысқы демалысты ұйымдастыру аясында қаланың барлық ауданында арнайы орындар ашылған. Бір ғана Астананың өзінде 30-ға жуық сырғанақ, мұз айдыны, шаңғы трассасы бар. Керемет әсер, балалық шағым есіме түсіп кетті ғой.... Көңіл-күй көтеріліп қалды....Мұнда да емен-жарқын, арқа-жарқа болған адам, бәрінің жүзінде - күлкі. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Әр адам жыл аяқталар тұста биыл не істедім деп өзіне есеп береді. Келер жылға жоспар құрады. Жаңа жылда мақсат-армандарым орындалсын деп тілек тілейді. Алдағы жылдан жақсылықтар, игі өзгерістер күтеді. Өмірді адамға қызықты, тартымды ететін де ертеңгі күнге деген үміт. Ендеше, жаңа жыл жақсылығымен келсін! А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
«Мен үшін тұрып бере алады»: Гүлнұр Мамасарипова күйеуінің бандит болғанын айтты
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салынады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады