Тәуелсіздіктің толағай табыстары

Тәуелсіздіктің толағай табыстары

Астықты аймақ Тобыл бойы – көлік индустриясының драйверіне айналды. Елімізде өндірілген автокөліктің 61 пайызы Қостанай облысына тиесілі. Жыл басынан бері 75 мың көлік құрастырылған. Облыстың өзге де салалары өрге басты. Он айдың ішінде өңірлік өнім 4,5 пайызға өсті. Өркендеген өлкенің толағай табыстары туралы тілшілер баяндайды.Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Биыл облыстың макроэкономикалық көрсеткіштері оң нәтиже көрсетті. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі 16,1%, құрылыс – 21,5%, инвестициялар – 7,4%, сауда – 3,9%, көлік – 3,6%, тұрғын үйді пайдалануға енгізу 4,3%-ке өсті. Тек ауыл шаруашылығының табысы отыз пайызға төмендеді.БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Әрқашанда даму бар.Біз оны айтуымыз керек.Ылғи жаман нәрсені айта беру дұрыс емес.Дамуды да айту керек. - Біздің Тобыл өңірі ұзақ жылдан бері агроөнеркәсіп астықты өлке саналады.Бірақ кейінгі кезде көлік құрастыру жағынан Қазақстан ғана емес, Орта Азияда көш бастап келе жатырмыз. Облыс жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қостанай жастары» бағдарламасы сәтті жүзеге асты. 140 жас отбасы баспаналы болды. Аудандық мәдениет үйінің қызметкері Арғынбек Бейбітхан үкіметтің қолдауымен үйлі болып, ауыл-ауданға орнласапы жатқан жастар көп дейді. Арғынбек БЕЙБІТХАНҰЛЫ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Қандай да бір жас маман бір жерге барса әлбетте оған баспана керек.Сол тұрғысынан үкімет бұл мәселені жақсы шешкен. Жас маманға үкіметтен бір реттік пайызсыз қаржылай көмек беріледі.Кадр бар жерде өнер бар, өнер бар жерде күй асқақтай, ән шырқалады дегендей. Медицина саласы да көш ілгері. Биыл бұл салаға 109 миллиард теңге бөлінген. 2024 жылы 19 медициналық ұйымның құрылысы басталады. Өңірге медицина кадрларын тарту бойынша игі жұмыстар жүргізіліп, 160 дәрігер келген. Соның тең жартысына көтерме жәрдемақы берілді. Айбек РАХЫМБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қостанай өңіріндегі медицинаның даму қарқыны қазіргі таңда жақсы деп есептеймін. Оның бір дәлелі. Осы екі-үш ай бұрын бізге артраскопиялық қондырғы орналастырды. Биыл астықты аймақ Қостанай үшін ең қолайсыз жыл болды. Толассыз жаңбыр бітік шыққан өнімді жинауға мүмкіндік бермеді. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Соған қарамастан мемлекеттік қолдаудың арқасында,келесі жылғы егіс жұмыстарына қажетті қор жиналды. Мал азығы да толық дайындалды. Тізбектей берсек Тобыл өңірінің толағай табысы көп. Ал шырайлы Шымкенттің жетістігі қандай? Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Тәуелсіздік алған 32 жылда білім саласында да жеткен жетістігіміз жетерлік. Елдегі үшінгі мегаполисте үш ауысымды, апатты мектептер саны әлдеқайда азайған. Миллионды шаһарда тап қазір 939 білім беру ұйымы жұмыс істеп тұр. 400 мыңнан астам оқушы білім алуда. Соңғы бір жылдың өзінде мектеп, балабақша мен колледж сынды 51 мекемемен толыққан. Жиырма жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Жанар Маратқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Әу баста-ақ бор мен тақтаның, қолдан қиып дайындаған көрнекілік құралдардың көмегімен оқушы оқытқаны әлі есінде. Тәуелсіздік тақырыбын бүгінгі сабаққа арқау еткен ұстаз Пушкин атындағы №1 метеп-гимназиясының қызметкері. Ол 32 жылда білім саласындағы өзгерістің тым көптігін айтады. Бүгінге дейін 3,5 мыңдай балаға білім беріп үлгерген ұстаздың айтуынша, шәкірттерінің алды 32 жаста, тәуелсіздіктің түйдей құрдастары. Жанар МАРАТҚЫЗЫ, А.С.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Мұхтар Әуезов атамыз айтқан ғой «Адам мен адамды теңестіретін, ел мен елді теңестіретін ең бірінші білім» деп. Сондықтан еліміздің дамығанын бірінші білімнен, білім саласынан көрсек болады. Білім саласына қазіргі оқушыларға барлық мүмкіндік жасалған. Мұғалімдердің жыл сайынғы жалақысы көтеріліп жатыр. +Қазіргі мұғалім отыз жыл бұрынғы мұғалімге қарағанда өзіне нық сенімді. Еліміз тәуелсіздік алғалы дамыған елдермен иық тіресетіндей дәрежеге жетіп келеді. Мұның өзі зор мақтаныш дейді Шымкент тұрғындары. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жалпы Тәуелсіздік ол – ащы термен келген тәтті жеңіс! Ата-бабамыздың бізге жеткізген аманаты. Біздің мәңгілік құндылығымыз. Сол себепті бұл тәуелсіздік біз үшін, әрбіріміз үшін ең басты мереке. Сондықтан бүгін біз қандай да жетістікке жетсек, қандай да бір жеңіске жетсек осы Тәуелсіздіктің арқасында жетіп отырмыз. сондықтан бұл басты мереке. Көңіл-күйіміз тамаша. - Демократиялық құқықтық мемлекетті біз құрдық. Экономикалық жағынан да әрине енді көптеген қиыншылықтар өтті. Білім және ғылым саласындағы болып жатқан реформалар да әрине осындай қарқынды жүріп жатқанын көріп тұрмыз. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Әрине, ертеңгі Тәуелсіздік күні жер-жерде мейлінше тойланатыны белгілі. Көп өңірде мемлекеттік мереке бүгіннен басталып кетті. Батысқазақстандықтар қалай атап өтіп жатыр? Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Оралда мерекеге орай түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мықтылардың мықтысы марапатталып, түрлі көңілді кештер өткізілуде. Бұл жолы мемлекеттік мекемелерден бөлек, ұлық күнге тұрғындар да өз үлесін қосты. Бұлар - Оралдағы жоғары оқу орнының студенттері. Ән мен биге жақын жастар көшеде кездескен тұрғындарға түрлі тәттіні тарту етті. Олардың ілтипатын қалалықтар түсінбей қалғанымен, үлкендер жағы риза болды. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін. Келді кіріп азаттығым, теңдігім! Бостандықта бойлығым мен ендігім. Шешіледі шемен болған шерлі үнім, дей отырып, елімізге амандық, денімізге саулық тілейміз. - Біз бүгін тәуелсіздікке орай, күннің суығына қарамастан, осылай тұрғындардың көңіл-күйін көтеру мақсатында тәуелсіздікпен құттықтап жатырмыз. Сіздерге де тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Парағы мыңжылдықтардан тұратын кәрі тарих үшін 32 жыл дегеніңіз қас-қағым сәт. Бірақ еліміз үшін бұл кезең дәуір мен буын алмасқан өзгерістерге толы. Ертегінің батырларындай сәт санап, сағат санап өскен ғылым мен технологияның қарқынынан қалмауымыз керек. Бұл - жастарға жүктелер міндет дейді аға буын. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Тәуелсіз мерекесі қай елдің, қай ұлттың болмасын, ең қымбат, ең жоғары, ең мәнді мерекесі болуы керек. Өйткені ұлттың дербестігі, ұлттың болашағы, дамуы сол өзінің тәуелсіздігімен байланысты. Ал біз педагог ретінде сол тәуелсіздікті қамтамасыз ететін, сол тәуелсіздікке бірден бір негіз болатын, бұл - бірден бір жас ұрпақтың тәрбиесі. Сондықтан бұл тәуелсіздіктің біз үшін мәні өте жоғары. - Өз алдымызға егемен мемлекетпіз. 30 жылдан асса да, жақсылығы да бар, әрине көптеген кемшіліктері де болды осы 30 жылдың ішінде. Бірақ та әйтеуі реліміз тәуелсіз, жеріміз тәуелсіз. Ең бастысы адамдардың ақыл-ойы тәуелсіз. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: - Тарихшылар тәуелсіз елдің қадамын он жылға бөліп қарастырады. Осы кезеңде мемлекеттік рәміздер белгіленді, төл теңгеміз айналымға шығарылды, Қарулы күштер құрылды. Артта қалған бірнеше белес түрлі жетістікке толы. Ендігі меже - саяси-экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асыру.

Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
  • Massaget
Бокстан АЧ-де Өзбекстан тағы озды
Бокстан АЧ-де Өзбекстан тағы озды
  • Vesti
Сотталғанды шығару үшін  пара сұраған Шымкенттік соттың тергеу ісі аяқталды
Сотталғанды шығару үшін пара сұраған Шымкенттік соттың тергеу ісі аяқталды
  • qaz365.kz
Әкесі жақсы қандайды
Әкесі жақсы қандайды
  • aqshamnews
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
  • aqshamnews
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
  • aqshamnews
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
  • aqshamnews
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
  • aqshamnews
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
  • aqshamnews
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
  • aqshamnews
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
  • aqshamnews
Өмірдің мәні неде?
Өмірдің мәні неде?
  • aqshamnews
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
  • aqshamnews
Пластиктен сабын жасауға болады
Пластиктен сабын жасауға болады
  • aqshamnews
Асату...
Асату...
  • aqshamnews
Теңгеден күш кетті...
Теңгеден күш кетті...
  • aqshamnews
Масктың  байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
  • aqshamnews
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
  • aqshamnews
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
  • aqshamnews
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
  • aqshamnews
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
  • aqshamnews
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
  • aqshamnews
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
  • aqshamnews
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
  • aqshamnews
Гвардиола "Ситидің" кезекті сәтсіздігіне баға берді
Гвардиола "Ситидің" кезекті сәтсіздігіне баға берді
  • penalty
«Челси» Алматыға сән-салтанатпен ұшып келді
«Челси» Алматыға сән-салтанатпен ұшып келді
  • bassport.kz
Ағылшындар Алматының ауа-райынан қорқып келмей қойған
Ағылшындар Алматының ауа-райынан қорқып келмей қойған
  • aladop.kz
Рахмонов Гэрримен бірнеше жарақаты бола тұра айқасқан: мән-жай айтылды
Рахмонов Гэрримен бірнеше жарақаты бола тұра айқасқан: мән-жай айтылды
  • Vesti
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды: 12 желтоқсан 2024, 12:53 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды: 12 желтоқсан 2024, 12:53 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде ресми түрде жоғарылады
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде ресми түрде жоғарылады
  • bassport.kz
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады
  • penalty
Жамбыл облысында үш жасөспірім оқушы қызды жабылып зорлаған
Жамбыл облысында үш жасөспірім оқушы қызды жабылып зорлаған
  • qaz365.kz
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды: 12 желтоқсан 2024, 09:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды: 12 желтоқсан 2024, 09:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Көйлекті бір түнде тікті»: Мәдина Сәдуақасова тағы елді аузына қаратты (ВИДЕО)
«Көйлекті бір түнде тікті»: Мәдина Сәдуақасова тағы елді аузына қаратты (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Ажырасу процесінде екенін айтты»: Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды
«Ажырасу процесінде екенін айтты»: Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды
  • sn.kz
«Иә дедім»: Әнші Ayree қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
«Иә дедім»: Әнші Ayree қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
  • sn.kz
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
  • qaz365.kz
Жұлдыз жорамал: 12 желтоқсанда сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамал: 12 желтоқсанда сізді не күтіп тұр
  • almaty_tv
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
  • almaty_tv
Алматы әуежайында автотұрақ тарифтері көтеріледі: 12 желтоқсан 2024, 11:56 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Алматы әуежайында автотұрақ тарифтері көтеріледі: 12 желтоқсан 2024, 11:56 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriTravel
Назарбаев университеті Смайыловтың сынына жауап берді
Назарбаев университеті Смайыловтың сынына жауап берді
  • halyq-uni