Астанада «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық бірлестігінің республикалық патриоттық журналының тұсаукесері өтті. Мемлекеттік және ресми тілде шығатын басылымда әлеуметтік, ғылыми, ауыл шаруашылық, жастарға тәрбие беру мәселелері көтеріледі. Еңбек ардагерлерінің өмір жолы өнеге етіледі. Бірлестік басшысы Бақытжан Ертаевтың айтуынша, журнал- ел батырлары мен өскелең ұрпақтың арасындағы көпір. Журнал 3 айда 1 рет жарық көреді. Бақытжан ЕРТАЕВ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ, «TAYELSIZ QAZAQSTANNYN HALYQ BATYRLARY» РҚБ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: Ақсақал бар жерде ақыл сұрау бар, жастар бар жерде болашақ бар. Бірге жүруіміз керек, бір басуымыз керек. Отанды жүрекпен сүю керек, тілмен емес. Арманыма жеткен сияқтымын. Ардагерлер мен еңбек ерлерін қостым. Сауытбек МАХАМБЕТОВ, «HALYQ BATYRLARY» ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ, ҚАЛАЛЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ: Негізі ойымыз осы жастарға өскелең ұрпаққа тәбиелік мәнде. Соларға ертең үлгі болатындай кісілерді осы журнал бетіне шығарып, ертең біздің жаңағы жастарымыз косманавт болғысы келсе дейміз, халық батыры болса дейміз, қаһарман болса дейміз. Одан бөлек просто жақсы адам болып өсуіне, жаңағы себеп болса.