«Таза Қазақстан» акциясына Қостанайдағы мәдениет ұжымдары да бір кісідей атсалысып жатыр.Мекеме қызметкерлері «Өнегелі ұрпақ » апталығы аясында белгілі ақын, ғибратты ғалым Серікбай Оспанұлының үйіне барып, қол ұшын созды. Ақынның ауласын тазартып, тал екті. Сексеннің сеңгіріне келген Серікбай Оспанұлы домбыра, астау, бесік істейді. Ауласында шағын шеберханасы бар. Үйдің алдын қыста қардан, жазда жапырақтан тазарту оңай шаруа емес.Осындай сәтте қол ұшын созып, ізбасарларым үнемі көмекке келеді. Кейінгі толқынға алғысым шексіз, дейді әйгілі «Сағындым Алматымды» әнінің сөзін жазған алаштың айтулы ақыны. Серікбай ОСПАНҰЛЫ, АҚЫН: Мәдениет саласында істейтін ізбасарларым бар, өзімнің оқытқан жігіттерім бар кезінде.Журналистика факультетінде.Солар келіп үйімді тазартып беріп жатыр маңайын.Ең керемет нәрсе - қайырым.Қол ұшын беру.Тек ғана жақсылық жасау. Марғұлан ОСПАНОВ, Ы.АЛТЫНСАРИН МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл жердегі мақсатымыз қыстан қордаланған үлкен шаруалардың барлығына үлкен кісіге көмек берейік, қол ұшын созайық деген ниетпен қарайласып, қолдау көрсетіп жатырмыз.