Тараздықтар "Таза Қазақстан" акциясы аясында 2200 түп тал екті. Көгалдандыру, абаттандыру шарасы 5 аптаға жалғасады. Осы аралықта аймақтың 100 мыңға жуық тұрғыны акцияға атсалысып, 40 мың түптен аса ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 1300-ден аса көше мен аула, саябақ пен демалыс орындарын тазартылмақ. Нәтижесінде Тараздың өзінен 700 тоннаға қоқыс шығарылады. Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫС ӘКІМІ: Өлкелерімізді аудандарымызды ауылдарымызды Тараз қаласын тазартып, мынау Әулиеата жасыл өлке деген бағамызды сақтап СКЛ ауылдарымызды абаттандырып, ажарын аттырып осы жұмыстарды ел болып бірігіп. Барлық жамбылдықтарды осы акцияға қатысуға шақырамын. Акцияға қоғам белсенділері мен қайраткерлері, спортшылар мен еріктілерде қолға күрек алып атсалысты. Сонымен қатар қайырымдылық жəне мəдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Шаһар ішіндегі гүлзарларға 15 мың түп көпжылдық раушан және 1 миллион дана түрлі гүл тұқымы егіледі. Бақтияр АРТАЕВ, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ: Өзге елде немесе сырт елде жүрген кезде өз туған жеріңмен салыстырасың. Өйткені бізідң туған жер расында көкпеңбек. Осыны ары қарай көк қылу үшін жылда осындай акцияларға қатысу керек. Табиғатты аялайық әрқашанда.