"Таза Қазақстан" акциясы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы “Шарапат” орталығында жалғасын тапты. Шараны Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Оған бас қаладағы колледж-медресенің 40-қа жуық студенті қатысты. Тазалық - иманның тең жартысы. Осындай ұстаныммен дін істері басқармасының және діндерді зерттеу орталығының өкілдері “Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының айналасын тазалады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар "орталыққа қолдау одан әрі жалғасын табады" деді. Алмас ЕРНАЗАРОВ, ДІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Осы “Таза Қазақстан” акциясында Мемлекет басшысы айтқандай “Өнегелі ұрпақ” акциясын қолдау мақсатында, бүгін осы қарттар үйінде тазалық жұмыстарын жүргізетін боламыз территориясына. Және де ішіне барып қарттардың қал-жағдайын сұрап, оларда қандай мәселелер бар, ұйымдастырушылар болып қазір кездесу өткізетін боламыз. Игі іске қаладағы колледж-медреседен келген 40 шақты студент үлес қосты. Ондағы мақсат - жастарды тазалықтан бөлек, үлкенді құрметтеп, адамгершілікке, жанашырлыққа баулу. Мирас СЕРІКҰЛЫ, СТУДЕНТ:Бүгінгі күнде бізді осындай керемет іс-шараға шақырды. Қарттар үйіне, осындай тазалыққа ат салысуға, көмектесуге. Және де осындай шаралар өзімізде медреседе болып тұрады. Сондықтан енді қуана-қуана келдік. Акцияға белгілі исламтанушы Нұрлан имам да қатысты. Шара соңында орталықтағы қарияларға тілегін білдіріп, діндегі жақсы амалдармен бөлісті. Осы орайда “мұсылмандық және адамдық басты міндет - үлкенге деген мейірім” дейді Нұрлан Байжігітұлы. Нұрлан БАЙЖІГІТҰЛЫ, ИСЛАМТАНУШЫ, ТЕОЛОГ:Қалалық мешіттер, мешіттің маңайында оқып жатқан медреседегі шәкірттер, барлығымыз осы жерге келіп, өнегелі ұрпақтың ізін көрсетіп, осы жерде жатқан үлкен аталарымызды зиярат қылып көріп, науқас адамдардың көңілін сұрап, қолымыздан келгенше осы маңайға тазалық жұмыстарын жүргізіп, өнегелі ұрпақтың қандай болу керегін, үлкендерге құрметтің қандай болу керегін баса көрсеткіміз келді. Тазалық та, құрмет те адамның әдетіне айналғанда ғана қоғамның мінезіне айналады. Сол үшін де жақсыны әдет қылу аса маңызды іс.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан чемпионаты: финалға өткен боксшылар белгілі болды
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
«Қазақ маман қарастырылып жатыр»: Станислав Черчесов бапкерліктен кетуі мүмкін
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Күн күрт суытады