"Таза Қазақстан" акциясына Маңғыстау облысының жұртшылығы да белсенді атсалысып жатыр. Бұл жолы олар "Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінің аумағын қоқыстан тазартты. Еріктілер тұрмыстық қалдықтарды жинап, ғимарат ішінде де, оған іргелес аумақта да тазалық жұмыстарын жүргізді. Акцияға "Жасыл ел" жастар жасағының жастары қатысты. Аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды. "Таза Қазақстан" аясында жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. Ол "Ең жақсы аула", "Ең жақсы кіреберіс", "Ең жақсы тұрғын үй" және "Ең жақсы тазалықшы" деп аталады. Бұл- Ақтау қаласы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоба. Әсел БАЛМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Экологиялық экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында байқау ұйымдастырылып жатыр. "Таным" экологиялық акциясы басталады. Бұл жерде жерде бас жүлде 100 мың теңге көлемінде болады. Бұл науқан үш айдың ішінде жүргізіледі. Қазан айында өзінің нәтижесі болып. Нәтижесі бойынша үлкен экологиялық фестиваль болады деп айтуға болады. Жанболат ЖАҚЫПОВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласы аумағында заңсыз төгілген қоқыс үйінділірінен тазарту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Жауапты мердігер мекеменің күшімен жүргізіліп жатыр бұл жұмыстар. Енді өздеріңіз көріп тұрғандай үшінші өндірістік аймақта заңсыз төгілген қоқыс үйінділері анықталған болатын. Қазірдін өзіңде тазалық жұмыстары жүргізілгеннен кейін арнайы полигонға 25 мың тонна көлемінде қоқыс шығарылды.