«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы Жамбыл облысында 1600-ден астам сенбілік өткізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу керек. Сол себепті бұл акцияға барлық Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуда.Жамбыл облысында акция басталғаннан бері 1600-ден астам сенбілік өткізіліп, 214 мың адам тартылған. 2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 9,4 млрд. теңге қарастырылған. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 99 мың аулалар қоқыстардан тазартылып, 9,7 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 53 субұрқақ іске қосылған. Облыста «Таза Қазақстан» акциясы жыл соңына дейін жалғасып, тұрғын үйлер, жолдар, халыққа арналып салынған демалыс саябақтары жөнделетін болады. 1. Облыста алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына14,7 млрд теңге қарастырылған. Биыл облыс бойынша 8,5 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні Тараз қаласындағы «М-1» жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. М-1 жылу магистралының тозу деңгейі 80% құраған. Жылу желісінің жалпы ұзындығы 6,1 шақырым болса, оның 4,7 шақырымы жаңартылатын болады. Жобаның жалпы құны 10,7 млдтеңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 1 қазанына дейін аяқтау жоспарлануда. Жобаның бас мердігері «Сарыағаш-Аман» ЖШС. 2. «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері облыста 816,6 шақырым каналдар мен арықтар қоқыстардан тазартылған. Бұл жұмыстарға еріктілер, жастар, тұрғындар қатысты. Ағымдағы жыл соңына дейін 300 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазартылатын болады. Бүгінде Тараз қаласындағы «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1», «Қарасу-2», «Төрегелді» каналдарын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. 3. Облыстағы 4 қалада 1 831 көпқабатты тұрғын үй бар. Жалпы, 2011-2023 жылдары 17,0 млрд. теңгеге 561 тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткен. 2023 жылы 301,5 млн. теңге қайтарым қаражат есебінен Тараз қаласында 7 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, 169 млн. теңгеге Шу қаласындағы 9 көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жөнделді. 2024 жылы Тараз, Жаңатас, Шу қалалары мен Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында 79 тұрғын үйді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 5,9 млрд. теңге қарастырылды. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы коммуналдық меншіктегі 6 үйге 99,6 млн. теңгеге ағымдыағы жөндеу жұмыстары атқарылса, «Қаратау құрылыс - 2030» ЖШС 685,0 млн. теңгеге 11 көппәтерлі тұрғын үйдің сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстарын жүргізуде. 4. 2023 жылы облыстың жол саласына 24,8 млрд. теңге бөлініп, 803,4 шақырым жол жөнделді. Атап айтқанда, 231,3 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, 544 шақырым елді мекен көшелері және 28,1 шақырым жаяу жүргіншілер жолағы қалыпқа келтірілді. 2024 жылы облыста жол жөндеу жұмыстарына 23,1 млрд. теңге қарастырылып, 469,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, 155,3 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, 286,2 шақырым елді мекен көшелері мен 28,1 шақырым жаяу жүргіншілер жолы. Тараз қаласында 140 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді. Оның ішінде 67,8 шақырымды құрайтын 117 көше, 20,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы, 73,8 шақырым болатын шағал жолды жөндеу жоспарланған. 5. Туристерді тарту мақсатында Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні «Тектұрмыс» кешені аумағындағы «Көне қамал» нысанының құрылысы жүргізілуде. Нысан 2026 жылы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, кешенде келушілерге жағдай жасау мақсатында ұлттық тағамдарды ұсынатын ұлттық асхана ашылатын болады. Кешенге жалпы 4500 қылқан жапырақты ағашты егу жоспарланып, оның 3500 егілген болатын. Бүгінгі күні егілген ағаштарды және егілетін көгалды автоматты түрде тамшылатып суару жүйелеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта суару жүйесіне арналған 16 мың метр су құбырлары алынды. 6. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Әзілхановтың қатысуымен Қордай ауданы, Сортөбе, Масаншы ауылдарында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық күні ұйымдастырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қатонқарағайға Астана мен Алматыдан тікелей рейстер қатынайтын болады
IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді
Автобустың дөңгелегі жарылып, 38 адам мерт болды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды