“Таза Қазақстан” Road-эстафетасы өз мәресіне жетті

Астана-Алматы бағытындағы тас жол қоқыстан тазартылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен жүзеге асырылған “Таза Қазақстан” акциясын қолдауға бағытталған Road-эстафета өз мәресіне жетті. Бес күндік шара 4 облысты қамтыды. Толығырақ белсенділермен 5 күн бірге жүрген әріптесім Айбек Салдатбек тарқатады. Айбек САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:1200 шақырым жол, 2000-ға жуық қатысушы, 100 тоннаға жуық қоқыс жиналды, 5 күнге созылған Road-эстафета осымен өз мәресіне жетті. “Аманат” партиясы мен “Жастар рухы” Жастар қанаты” бастаған белсенді топ 10-шы маусымда Астанадан Алматыға аттанды. Жолда Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарының белсенділері мен еріктілері қосылып, автомагистральдің айналасын тазалады. Тазалық жұмыстарына күннің ыстығы мен жауған жауын да кедергі болған жоқ. Дәулет МҰҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:Ақмоладан кейін Қарағанды облысына, одан кейін осы Алматы облысына дейін жастар кеткен. Мінекей, қазір, бүгін соның нүктесі қойылып, жемісті жұмыс атқарды деп мақтанышпен айта алам.  Таза Қазақстан деген - әр адамның ойында, санасында жүретін бір мәдени дүниеге айналу керек. Айбек САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:Бес күн бойы артық заттар сұрыпталып, осындай жазуы бар арнайы қаптарға салынды. Жиналған қоқыстар жүк көліктеріне тиеліп, әр өңірдегі полигондарға жеткізіледі. Енді тау-тау боп үйілген қоқыстар қайта өңдеуге жөнелтіледі. Қарағанды облысынан 40 тонна, Алматыдан 30, Ақмоладан 13 және Жамбыл облысынан 10 тонна қоқыс жиналды. Эстафета аясында тазалық жұмыстарынан бөлек әр өңірде халықпен кездесулер өтті. Қоғамдық қабылдауларда аймақтардағы өзекті мәселелер талқыланды. Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, “АMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:Жолды біз тек қана қоқыстан тазартпай  аудан, ауылдарға кіріп экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жастармен кездесулер ұйымдастырдық. Сонымен қатар осы акция аясында бізде “Қоқысты сыйлыққа айырбаста” акциясы өткен болатын. Қазіргі таңда бізде 100 тоннадай қоқыс жиналды, оны біз бөліп, жартысын қайта өңдеуге жібереміз. Бұл - Қазақстанда алғаш рет өткізілген жол бойын тазалау эстафетасы. Және соңғысы болмай, өзге өңірлерде де жалғаспақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
«Арсенал» «Барселона» қорғаушысын алғысы келеді, бірақ жанкүйерлер қарсы: Кунде кімге керек?
Бас ауруы жиі мазаласа, мына аурулардан қауіп болуы мүмкін
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады