"Таза Қазақстан": Семей орманына 29 мыңға жуық көшет егу жоспарланған

Абай облысындағы қарағайлы орман аумағына көшеттер егілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында ұйымдастырылған сенбілікке мыңнан астам тұрғын қатысты. Олардың арасында студенттер мен еріктілер де бар. Ұлы ақынның туған жерінде өткен шарада 60 мыңға жуық ағаш егілген. Бесқарағай ауданы Жыланды ауылының маңына жас шыбықтар егіліп, жаңа жас орман пайда болды. Барлық көшеттер осы жердің топырағына бейімделіп, жергілікті жылыжайда өсірілген. Акцияға атсалысушылар көшет отырғызып қана қоймай, оны күтіп-баптауды да қолға алмақ. Ардақ ӨМІРТАЕВ, БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз Мемлекет басшысының бастамасын қолдаймыз. Сондықтан бүгінгі акцияға тек әріптестер ғана емес, балаларымыз бен туыстарымызды да ертіп келдік. Көшет егу, айналаны жасыл желекке айналдыру өте маңызды жұмыс. Себебі бұл жер біздің аймақтың көрнекті аумақтарының бірі. Колледж студенттері бұл көпшіліктің алғашқы ағаш егу акциясы екенін айтты. Олар бүгін еккен көшеттері біраз жылдан кейін ну орманға айналатынына сенімді. Бұл мақтанатындай, әрі жауапкершілігі зор жұмыс екенін жеткізді. Ерасыл ТҰРАРОВ, СЕМЕЙ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Экологиялық акцияны қолдау үшін достарымызбен бірге келдік. Біз өңіріміздің табиғатын тез қалпына келтіруге көмектесеміз. Барлық көшеттердің тамыр жайып, ауыл маңы қалың орманға айналғанын қалаймыз. Акцияға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев та қатысты. Өңір басшысы «Таза Қазақстан» жастардың табиғатқа, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, сол арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Нұрлан ҰРАНХАЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл бір реттік акция емес. Дегенмен өңірде орын алған вегетациялық жағдайға байланысты біз сәуір айының соңғы күндерінде ғана жұмыс істеп жатырмыз. Ауқымды акция күзде де жалғасын табатын болады. Шара Семей қаласы мен аудандарда жүргізіліп жатыр. Акцияға қатысушыларды қолдауға Бесқарағай ауданының тұрғындары да келді. Көгалдандыру жұмыстарына «Елімай» футбол клубының тәрбиеленушілері де өз үлестерін қосты. Биылғы жылы Семей орманының 6 мың гектардан астам аумағына 28 млн 700 мың көшет егу жоспарланған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылды
“Анасымен жасты әйелді алмақшы“. Ляззат Байырбекова ұлы жайлы қауесеттерге жауап берді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Жезқазғанда тұрғын үйдегі өрттен 28 адам эвакуацияланды
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Ауыл шаруашылығы техникасы паркі 5,5 % жаңартылды
Ақтөбеде мұғалім мен техник есірткі жасап, адам өлтірумен айналысқан
2 млн га астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталды
Павлодарда балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды
“Жалғыз өзі тірі қалған“. Ұшақ апатынан аман қалғандардың шынайы оқиғалары
«Екі күннің бірінде жылап жүрмін»: танымал әзілкеш шаңырағы шайқалғалы тұрғанын айтты
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
"ҚазАвтоЖол" жолдардағы ахуал туралы таңғы мәліметті жариялады
Көшеде түкіретіндер қалай анықталады?
«Қар, көктайғақ, тұман»: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ұшақ апатын тергеу қай елдің құзыретінде болатыны белгілі болды
Қар, бұрқасын, тұман: 27 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Бүкіл бортты аман алып қалған. Ұтқыр шешімімен тарихта қалған ұшқыштар
Вайнер Мейірхан Шерниязов мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды