"Таза Қазақстан": Семей орманына 29 мыңға жуық көшет егу жоспарланған

Абай облысындағы қарағайлы орман аумағына көшеттер егілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында ұйымдастырылған сенбілікке мыңнан астам тұрғын қатысты. Олардың арасында студенттер мен еріктілер де бар. Ұлы ақынның туған жерінде өткен шарада 60 мыңға жуық ағаш егілген. Бесқарағай ауданы Жыланды ауылының маңына жас шыбықтар егіліп, жаңа жас орман пайда болды. Барлық көшеттер осы жердің топырағына бейімделіп, жергілікті жылыжайда өсірілген. Акцияға атсалысушылар көшет отырғызып қана қоймай, оны күтіп-баптауды да қолға алмақ. Ардақ ӨМІРТАЕВ, БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз Мемлекет басшысының бастамасын қолдаймыз. Сондықтан бүгінгі акцияға тек әріптестер ғана емес, балаларымыз бен туыстарымызды да ертіп келдік. Көшет егу, айналаны жасыл желекке айналдыру өте маңызды жұмыс. Себебі бұл жер біздің аймақтың көрнекті аумақтарының бірі. Колледж студенттері бұл көпшіліктің алғашқы ағаш егу акциясы екенін айтты. Олар бүгін еккен көшеттері біраз жылдан кейін ну орманға айналатынына сенімді. Бұл мақтанатындай, әрі жауапкершілігі зор жұмыс екенін жеткізді. Ерасыл ТҰРАРОВ, СЕМЕЙ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Экологиялық акцияны қолдау үшін достарымызбен бірге келдік. Біз өңіріміздің табиғатын тез қалпына келтіруге көмектесеміз. Барлық көшеттердің тамыр жайып, ауыл маңы қалың орманға айналғанын қалаймыз. Акцияға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев та қатысты. Өңір басшысы «Таза Қазақстан» жастардың табиғатқа, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, сол арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Нұрлан ҰРАНХАЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл бір реттік акция емес. Дегенмен өңірде орын алған вегетациялық жағдайға байланысты біз сәуір айының соңғы күндерінде ғана жұмыс істеп жатырмыз. Ауқымды акция күзде де жалғасын табатын болады. Шара Семей қаласы мен аудандарда жүргізіліп жатыр. Акцияға қатысушыларды қолдауға Бесқарағай ауданының тұрғындары да келді. Көгалдандыру жұмыстарына «Елімай» футбол клубының тәрбиеленушілері де өз үлестерін қосты. Биылғы жылы Семей орманының 6 мың гектардан астам аумағына 28 млн 700 мың көшет егу жоспарланған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оралда БТР мен патрульдік полиция көлігі соқтығысып қалды. Видео
Қостанай - Алматы рейсінің жолаушысы қайтыс болды: ұшақ Астанада шұғыл қонды
Алматыда жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесі ұрланды: қылмыскерге үкім шықты
Бейжіңде Путин мен Си келіссөздер жүргізді
Тілді түзеу керек болса, конттенті түзе – Шиповских
Тілді түзеу керек болса, контентті түзе – Шиповских
Парижде жазылған мұра: Шаляпина «Дудар-айды» Әміренің өз аузынан естіген
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін үшжақты келісімге қол қойылды
Жібек Құламбаева ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты
Әшімбаев Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспортының азаюы туралы айтты
«Мүгедек болып оралды»: Шымкенттік баласын әскерилердің комиссариатқа күштеп әкетіп, бопсалағанын айтты
Желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады
"Біреудің басына түссе не болады?" Алматыда жаяу жүргіншілер жолына құлаған ағаш наразылық туғызды
Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйел құтқарылды
Сенатор: Тұрар Рысқұловты өзін қорғау үшін жазған хаты үшін жазғыру – әбестік
Алматы облысы әкімдігіне 11 миллион теңге тұратын 2 фотоаппарат неге керек?
Биыл қанша түлек мектеп бітіреді
Мұғалімнің беделі және оның өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы
Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады
Лукин сирек металдарды өндіру саласын дамыту туралы ұсыныс айтты
"Әйел көп еркекпен жатса, инфекция таратады". Желіде тараған видео дау тудырды
Шымкентте көкпардан республикалық турнир мәреге жетті
"Менің ақиқатым...": Дина Төлепберген тұрмыстық зорлық-зомбылыққа неге қарсы шыққанын айтты
Депутат мектеп бағдарламасына тағы бір пән енгізуді ұсынды