Тазалық үшін тер төгіп жүрген жандар

Еңбек қашанда адамды биікке жетелейді. Кімнің де болсын тілегі - бейнеттің зейнетін көру. Ал күн-түн демей, ауа райының ыстық-суығына қарамай көше тазалау ардың ісі. Бұл біреу үшін жай күнкөрістің қамы болып көрінгенімен, үлкен жауапкершілік. Осындай маңдай терімен нан тауып жүрген жандар туралы келесі бейнематериалымызда. Бейбіт бұл жұмыста табан аудармай бірнеше жылдан бері істеп келеді. Ел шырт ұйқыда жатқанда қала көшелерін тазалап шығады. Жиналған қалдықтарды арнайы көлікке тиейді. Бұл қарапайым жұмыс болғанымен жауапкершілігі зор дейді. Ауыртпалығы да жоқ емес. Бейбіт ОРЫНБАЕВ, ТАЗАЛЫҚШЫ: Нан табу оңай емес енді. Еңбегімізбен бала-шағамызды асырап, әйтеуір күнкөріс осы бәрімізге. Маңдай тер. Ыстыққа да, суыққа да жүрк осы. Бүгінде бұл салада 300-ге жуық адам тер төгіп жүр. Олар қала көшелерінің күл-қоқысын жинап, белгіленген орынға жеткізеді. Бүтін бір шахардың тазалығы, осы жандардың еңбектерінің нәтижесі. Айдос СҮЛЕЙМЕНОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: Таңғы 5-тен бастаймыз. Содан халықтың, тұрғын үйлердің арасы бар, жер үйлердің арасы бар. жеке сектор дейді ғой, солардың мусорын аламыз. Күніге 3-4 рет аралап шығамыз. Жауапкершілігі көп жұмыс қой былайынша. Қоқыс деген абырой алып келетін жұмыс емес. Бірақ сонда да 12 жыл болды қызмет істеп жатқанымызға жүргізуші болып. Бұл жұмысқа әдетте екінің бірі тәуекел етіп келмейді. Сала мамандары тіпті тұрақты жұмыс жасайтындардың аздығын жасырмайды. Алайда, өз міндеттерін тиянақты атқарып, алғыс арқалап жүргендері де жоқ емес. Қашанда еңбек еткеннің еңсесі биік. М. Тоқтасынқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Абай облысында шағын және орта бизнестің саны 54 380 -ге жеткен
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз