«Жерімізге деген осындай салғырт көзқараспен біз туризм деңгейін көтере алмаймыз». «AMANAT» партиясының мүшелері Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлерін мәдени орындардағы вандализмге қатысты әрекетсіздігі үшін сынға алды.Мәселе партияның тарихи-мәдени мұраны қорғау және вандализмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде бірлескен отырыста көтерілді. «Қазақстанда туристерді қызықтыратын көрікті жер жеткілікті. Бірақ ол аумақтарда ешкім бақылау жүргізбейді», - дейді комиссия мүшелері. Шашылған қоқыс пен вандалдардың әдепсіз әрекеттері жиі кездеседі. Мемлекеттік органдар демалушыларды айыппұлмен қорқытады. Алайда, сол жерлерге қоқыс жәшіктерін орнатуды ешкім қолға алмаған. Амангелді СЕМБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Таңбалы тасқа барған кездегі мусорды көрсеңіздер… Құдай сақтасын! Бірақ таңбалы таста өзінде 500 теңге алып, біздің териториямыз, аумағымыз осындай жер деп айтып, жар салыр отыр. Ол жерде тазалық бар, бірақ 10 метр шықсаң астан-кестен мусор. Өйткені ол біздің территория емес, ол жерде частниктер келеді дейді. Ол жерге де ескерту қоятын болса, ол жерге де жәшік қоятын болса сонда біз тазалықты жөндейтін боламыз. Тазалық болмаған жерде қандай туризм болады? Аққайнар шатқалының да жағдайы қынжылтады. Ежелгі петроглифтерге толы тарихи мұра мемлекет тарапынан қорғалмаған. Сонымен қатар, Аққайнар шатқалының жартастары «Таңбалы» мұражай – қорығының тізіміне енгізілмеген. Бұл мәселені «AMANAT» партиясының мүшелері өз бақылауына алды. Ольга ГУМИРОВА, «ПЕТРОГЛИФ АҢШЫЛАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Біз бұл ескерткішті қорғау туралы бірнеше рет хабарластық. Ол Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан. Мәжіліске Аққайнар туралы үш рет хабарластық, депутаттарға жаздық. Нақты ешқандай жауап алған жоқпыз. Қазір облыстық маңызыды жерде баррикадалар ұйымдастырып, елді мекендерде шұңқырлар қазылған. Бұл шұңқырлар қоқыс толы. «AMANAT» партиясы қолға алғалы бұл мәселе шешіледі деген үміттеміз.