Театр басшысы қысым көрсеткен: Актер сахнада тамырын кесіп тастады

Ресейдің Улан-Уде қаласындағы Бестужев атындағы мемлекеттік орыс драма театрының әртісі Артур Шувалов сахнада тамырын кесті, деп хабарлайды Stan.kz.Әртіс бұл әрекетін театр басшылығының қысымы мен оны жұмыстан шығару әрекетініне байланысты жасағаны айтылған. Оқиға 29 наурызда болған. Шувалов өзінің білектерін кеңсе пышағымен кесіп тастаған. Шувалов пен театрдың басқа да әртістеріне қысым көрсету бір жыл бұрын соғысқа қарсы ұстанымы үшін қызметінен шеттетілген театрдың көркемдік жетекшісі Сергей Левицкийді қайтару талабымен байланысты. Актерлер наразылық ретінде театр ғимаратынан Z әрпі бар плакатты алып тастап, жаңа көркемдік жетекші Вячеслав Дьяченконың үстінен шағым жазып, бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді сұрады. “Олар жыл бойы мені осы театрдан жұмыстан шығарамыз деп, масқаралап, жұмысымнан, ақшамнан айырды. Бүгін олар арызға қол қойып, әйелім Светлана Полянскаяны [сол театрдың актрисасы] жұмыстан шығарды. Бұған шыдағым келмейді. Мен шаршадым. Басқа амалым жоқ. Мен бір ғана нәрсені айтқым келеді: Вячеслав Михайлович Дьяченко, Наталья Николаевна Светозарова [театр директоры] - менің өліміме осы адамдар кінәлі”, - деді актер сахнадан қойылымнан кейін тағзым етіп. Бурятияның мәдениет министрлігі актер Шуваловтың жарақаты жедел жәрдем бөлмесінде тігілгенін және оның денсаулығына ештеңе қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Бурятияның мәдениет министрлігі ішкі аудит жүргізетінін хабарлады. Мәдениет министрлігінің айтуынша, өнерпаз жақында ауруханада жаралылардың алдында концерт ұйымдастырудан бас тартып, өткен жылы театрда Z әрпі бар туды жұлып алған. "Актердің әйелі жұмыстан босатылған жоқ, басшылықтың айтуынша, ол көптеген спектакльдерге қатысқанына қарамастан өтінішті өзі жазған. Актрисаға өтінішті қайтарып алуға мүмкіндік берілген”, – деді министрлік өкілі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандағы құқықтық мәдениет деңгейі қандай?
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды