Тегін көмек алу үшін өтірік ажырасатындар көбейді

«Тегін көмек, жаңа үй алғыңыз келсе, ажырасыңыз!». Қазір осылай ақыл айтатындар да, оны тыңдайтындар да көбейген. Біз елде шаңырағы шайқалғандар артып жатыр дейміз ғой. Рас. Бірақ олардың кейбірі тағдырдан теперіш көргеннен емес, әлеуметтік көмек үшін әдейі екіге кетеді. Құйтырқы әрекетпен мемлекетті алдап жүрген кімдер? Аружан Задабек айтады. Ажырасу көп. Бұл – жасыра алмайтын шындық. Былтыр 12 мың жанұя екіге кеткен. Дәм-тұзы жараспағандардың дені Алматы, Қарағанды және Астана қаласында тұрады. Жұлдыз АХМЕТОВА, ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: Ажырасуға арыз беретіндердің дені – жастар. Әсіресе, үйленгендеріне 1-2 жыл болған ерлі-зайыптылардан түсетін арыз көп. Біз, әрине, олармен сөйлесеміз. Татуластыруға тырысамыз. Бірі жәрдемақы, енді бірі жеңілдікпен баспана алу үшін өтірік ажырасады. Мемлекет субсидиясына ие болу үшін осындай әрекетке баратындар бар. Бір сөзбен айтқанда, олар тегін ас үшін «тегін» ұмытуға дайын. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Ол, ең алдымен, отбасындағы тәрибе. Отбасында мейірімге мұқтаж болған, мейірім көрмеген, дұрыс тәрбие алмаған, әкенің рухын сезініп өспеген балада осындай бағаланым төмен болады. Оның үстіне қазір атаулы әлеуметтік көмек көлемі өскен. Былтыр оған қазынадан 57 млрд теңге бөлінді. Мұны елдегі 114 отбасы алды. Бұған дейін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі тұрмысы төмен отбасылардың бірыңғай базасын жасақтаған. Осы арқылы алаяқтардың жолын кесу көзделген еді. Бірақ мәселе шешімін тапты деп айту қиын. Айгүл ӘПЕНОВА, ҚР ЕХӘҚМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: 1 ақпанға қарағандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы - 50 мың. Оның ішінде 262 мыңға жуық азамат осы атаулы әлеуметтік көмек алуда. + Блтырғы жылы атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 8 мың теңгені құратын болса, биылғы жылы 12 мыңға жуық. Өтірік неке де, жалған ажырасу да алаяқтықпен тең. Бірақ бұған қатысты жауапкершілікті реттейтін жеке бап та, норма да жоқ. Бармақ басты, көз қысты әрекет ететіндердің көбеюіне - осы да себеп, дейді заңгерлер. Ерқанат БЕЙСЕНОВ, ЗАҢГЕР: Бұл алаяқтық қылмыстық жауапкершілікке жатпайды. Бірақ берілген ақшалай қаражат болса немесе үй болса мемлекеттен сол тұлғадан қайтадан талап етіледі сот арқылы. Сондықтан «бұл неткен батпанқұйрық?» деуге асықпаңыз. Заңсыз алынған әр нәрсенің қайтарымы болары анық. Тек оны дәлелдеу қиын. Бұл мәселеге қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев материалдық жағдайын түзеу үшін ажырасатындарға тоқтау салуды тапсырды. Қазір жауаптылар «жауапсыздармен» күрес жүргізіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе мен БҚО-да жолдар жабылды
Қазақстандық әлем кубогында "қола" жеңіп алды
ҚФФ бас хатшысы тағайындалды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Футбол: "Астана" Челсиден жеңіліс тапты
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы баспаналы болды
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды
Қошанов: Президент – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі: 12 желтоқсан 2024, 22:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Атырауда су тасқынына дайындық қалай
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Экс-президенттің және оның отбасының денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
"Ұлы дала" әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен кездесті