"Тегін тағылымдама деген түсінік жоқ", - заңгер

Алдымен жұмысыңды көрсет, содан кейін екі қолыңа бір күрек беремін. Мамандығымен нан тапқысы келетіндер амалсыздан бұл талапқа көнеді. Әсіресе, дипломын енді ғана қолына алған жастар осындай жағдайға жиі тап болады. Ақысыз тағылымдамадан өткізу, заң талаптарына сай ма? Түйіндемесін құшақтап мекемелердің табалдырығын тоздырып жүргендермен тілшіміз тілдесті. Өркен МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ: Дипломымды алдым, түйіндемені толтырдым. Жұмыс іздеушілерден ең алдымен осы екі жапырақ қағаз сұралады. Бірақ барған жердің барлығы құшақ жая қарсы алады деген сөз емес. Жұмыс тәжірибесін сұрайды, кәсібилігіңді дәлелде дейді. Кемі бір ай тағылымдамадан өтуді талап етеді. Сынақтан сүрінбесең ғана жұмыс ұсынуы мүмкін. Жансерік Бағысбаев бір ай бойы тағылымдамадан өтіп, жұмысқа орналаса алмаған. Бір өкініштісі тегіннен-тегін жұмыс істеп, еңбек ақымды ала алмадым дейді. Жансерік БАҒЫСБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мысалы бір жерде жұмыс істедік бір бауырым екеуміз. Бір ай тексерілімнен өтіңдер деді өттік. Бізді пайдаланып пайдаланып документімді бір айдан кейін документімді әрең алдым. Түріңе қарап тон пішпейтіні анық. Түйіндемеңе мұқият оқиды. Мақтауын келтіріп жазған қасиеттерің ұнаса сынақ мерзімін тағайындайды. Тағылымдамадан өтуді ұсынады. Яғни, талаптарына сай келуін тексереді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Әуелі сені байқайды жұмысқа жарамдысың ба? Жарамды емессің ба? Енді бір жұма болу керек стажировкада. Тікелей қабылдаған дұрыс емес ау деймін. - Стажировкадан өту дұрыс деп ойлаймын өйткені қалай жұмыс істейтінін біледі да. - Әрине дұрыс емес. Адамның еңбегін жеуге болмайды ғой. Енді әртүрлі ғой организациялар. Пікір сан алуан. Бірақ заңда тегін тағылымдамадан өткізу деген тетік қарастырылмаған екен. Тек жұмыс беруші 3 ай сынақ мерзімін белгілейді. Оған дейін жалақы төленуі тиіс. Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР: Еңбек кодексінде стажировкадан өту деген ұғым мүлдем жоқ. Өкінішке қарай бұл жұмыс берушілердің тарапынан, тегін еңбек қолын жүзеге асырып жатқан шаралар. Қандайда бір ақы, кетірген уақытыңыз төленуі тиіс. Тағылымдамадан өте алмай қалғанның өзінде жұмыс істеген күндеріне еңбекақы алуы қажет. Бірақ көпшілігі жалақыны төлемейді. Өйткені, мөр қойылып, келісім жасалмаған. Тіпті еңбек инспекциясына тағылымдама уақытындағы маңдай терін талап еткен бірде-бір шағым түспепті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталды
Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеуді алу жоспарын келер жылға қалдырды
«Жастарға жұмыс»: 46 адам мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасты
Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды
2050 жылға қарай Қазақстанда қала халқының үлесі 70 пайызды құрайды
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасады
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
«Жастарға жұмыс»: 46 адам мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасты
Алматы қаласы маңында жер сілкінді
Есірткі бизнесінде қолданылатын химиялық заттарды бақылау үшін Таргетинг-орталығы құрылады
Алматы маңында жер сілкінді
СҚО-да 46 жас маман "Жастарға жұмыс" жобасы арқылы жұмысқа тұрды
Қасіретті қаңтар оқиғасының астарын ашқан кітап
Жүргізушілерге 6 өңірде ескерту жасалды
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады