Техас штатын топан су басты

Жұмада басталған толассыз жауыннан Техас штатының оңтүстік-шығыс аудандарын тасқын су басты. Бұл туралы 24.KZ. хабарлайды. Дауылдар Полк, Монтгомери, Либерти және Харрис аудандарын жайлаған. Салдарынан өзен, көлдер арнасынан тасыды. Сан-Хасинто өзенінің шығыс тармағындағы су максималды деңгейге жеткен. Құтқарушылар 400-ден астам адамды суда қалған үйлерінен және жолдарда құтқарып қалды. Ал синоптиктердің болжамы бойынша жексенбі күні де қатты жаңбыр күтілуде. Тасқын су кейбір үйлердің шатырына дейін жеткен. Шенеуніктер өзеннің шығыс жағалауындағы тұрғындардың барлығына міндетті эвакуация жариялаған болатын. Алайда көп адам ескертуге құлақ аспаған. Сондықтан арнайы қайықтарға мінген құтқарушылар су басқан көшелермен үй-үйді аралап, көмекке мұқтаж жандарды іздеді. Райан Холл, бақылаушы: - Бұл менің карьерамда көрген ең қатты тасқын. Өзім осы жердің тумасымын, өзен суының осыншама биік көтерілген кезі есімде жоқ. Кеше техасстық бақылаушылар 100-ден аса адамды құтқарды. Қалғанын біздің жергілікті серіктестеріміз бен өзге де мемлекеттік ұйым өкілдері құтқарды. Сан-Хасинто өзені су басқармасының мәліметінше, соңғы аптада Конро көлінің маңайына 50 см жауын-шашын түскен. Қатты жаңбыр салдарынан бөгеттегі су мөлшерінен асып, тасыған соң жырып ағызуға мәжбүр болған. Остин Джуно, тұрғын: - Айналамыздағы суды көріп тұрсыздар. Дәл қазір ол жолдың үстіне шықты. Өте тез келіп жатыр. Мені Конро көлінің жайы қатты алаңдатады. Ондағы бөгетті ұзаққа ашса, көп мөлшердегі су тікелей осы жерге келеді, су тез көтеріледі. Сондықтан олар бөгеттерін ашық қалдырса, біз тығырыққа тірелеміз. Осы ауданда 3 ірі су қоймасы бар. Бөгеттерді бұзылудан сақтау үшін осы қоймалардың суы біртіндеп ағызылып жатыр. Ұлттық метеорологиялық қызметтің хабарлауынша су тасқыны қаупі сейсенбіге дейін сақталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі