Бүгін Құлсары қаласына техникалық мамандардың үш бригадасы келіп, су тасқыны салдарынан бүлініп, су астында қалып тексерілмеген үйлерді техникалық тексеруге кіріседі.Бұл үйлер негізінен "Атырау" және "Болашақ" шағын аудандарында орналасқан. Жоғарыда аталған шағын аудандардағы үйлерді техникалық тексеру аяқталғаннан кейін мамандар тұрғындардың өтініші бойынша үйлерді қайта техникалық тексеруге кіріседі.Техникалық тексерулер тұрғындар өтінішін ескере отырып жүргізілетін болады.Бүгінгі таңда Құлсарының 899 тұрғынына тұрғын үйді қалпына келтіруге қаражат аударылды, оның ішінде 466 отбасы тұрғын үй салуға немесе сатып алуға және 433 адам жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына төлем алды.