Телеарна жүрегі – жаңалықтар бөлімі

Телеарнаның жүрегі – жаңалықтар. Тілшілер жер-жаһаннан жылдам хабар алғызып, қызықты ақпаратты көрерменге ұсынады. 12 өңірде тілшілер қосыны бар. Аймақтағы тілшілер шалғайдағы шаруаның мұңын, ауылдағы ағайынның татымды тірлігінен хабардар етеді. Оның ішінде телеарна ашылғалы еңбек етіп жүргендер де,тілшілік тіршілікке енді қадам басқан, талабы таудай жас та бар. Ендігі сөз өңірлердегі әріптестерде. Айзада, тілшілердің арасында телеарна тарихымен бірге жасап келе жатқан сіз-ау.. Өзіңіз бастайсыз ба?Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Иә, Лаура, тілшілік тіршілікте жүргеніме ширек ғасырдай уақыт болып қалыпты. арнада өзгеріс көп. Жолдың шалғайлығына қарамай, уақытпен санаспай халықтың ортасынан табылуға тырысып жүрміз. Біз көтерген талай проблема дер кезінде шешілді. Менің өзге өңірдегі әріптестерім де билік пен бұқараның арасында алтын көпір болып жүргенін мақтана айта алам. Заңғар САНАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: АстанаТВ - төл арнам.Осында он бес жылдан астам жұмыс істеп келемін. Көтерілген мәселе көп. Әсіресе, әлеуметтік түйткілдер. Журналист жұмысының жемісі - көпшіліктің көп рахметі! Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Астана арнасының Атыраудағы тілшісі атанғаныма 10 жылдан асып кетіпті. Оған дейін облыстық телеарнаның үлкен ұжымы арасында еңбек еткендіктен тілшілер қосындағы шағын кабинет пен ұжымға тосырқағаным рас. Жанымдағы оператор, өзі монтаж жасап, көлік жүргізеді. Бас қаладағы әріптестермен телефон арқылы байланыста болғандықтан, олардың дауысынан-ақ қандай көңіл-күйде екенін беске білетін болдық. Еркін КАРИН, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Ал менің «Астана» телеарнасында еңбек еткеніме биыл 13 жыл. Бір мүшел уақыт ішінде хал-қадерімізше түрлі мәселені көтердік. Ақжайық атырабы ғана емес, күллі Қазақстанды дүрліктірген су тасқыны мен киіктердың қынадай қырылғаны әлі күнге ел есінде... Сол кезден бері 2700-ге тарта бейнематериал жасаппыз. Олардың ішінде көрермен көңілінен шыққаны да, шенділердің шамына тигені де бар. Бірақ біз патша көңілді көрерменмен біргеміз. Айжан ҚУАШ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Мен Астана арнасында 2007 жылдан бері Қарағанды облысының меншікті тілшісі ретінде өңірдің барлық саласынан хабар тараттым. Біздің репортаждарымыздың нәтижесінде талай көпбалалы отбасына үй берілді, қаншама адамның құқы қорғалды, тіпті оқу орындарына ғимарат берілген кездер де болды. Бұл - арнамыздағы әр маманның жұмысының жемісі. Абзал ҚҰРМАНКИН, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Мен Астана телеарнасының Петропавлдағы қосыны 2012 жылы ашылғаннан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Талай күндер өтті басымыздан. Әсіресе қыстың қақаған аязында оңай емес. Бірақ, оған қарамастан стендапты бас киімсіз жазамыз. Менің де талай мәрте құлағым үсіп кете жаздады. Бұл - көрерменге деген сый сыяпаттың белгісі. Бақыт РАХМЕТОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Ал мен телеарнада бес жылдан бері қызмет етіп келемін. Астанамен Батыстың бір сағат уақыт айырмашылығы бар.Сондықтан дедлайнға үлгеру үшін біз материалды ертерек түсіріп, мәтінді тез жазып тапсыру керекпіз. Соған барынша үлгеріп жүрміз. Өзгеріс ҚУАНАР, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Павлодарда тілшілер қосыны 2007 жылдың қараша айында ашылды. Сол кезден бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Ал менің де бұл арнада еңбек еткеніме 4 жылдан асты. Маған дейін де тілшілер қосынында 3 журналист болды. Олар қазір еліміздің маңдай алды телеарналарында жемісті еңбек етуде. Солар салған сара жолмен жүріп келеміз. Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Тілшілердің тіршілігі ылғи жолда өтеді. Қызылорда облысында 7 аудан бар. Оның барлығы мен тұрған осы күре жолдың бойында орналасқан. Бірақ, бір бірінен қашық. Сондықтан кейде 2 минуттық сюжетті эфирге дайындау үшін 300-500 шақырым жол жүруімізге тура келеді. Бірақ біз оған қиналмаймыз, шаршамаймыз, кешке сюжетің эфирден өткенде ләззат аламыз. Берік ЖҰМАБАЙ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Менің Астана арнасына аяқ басқаныма небәрі үш жылдан асты. Осы уақыт ішінде тау қопармасақ та, көпшіліктің көкейіндегіні үкіметке жеткізіп келеміз. Міне қазір де түсірілімнен келдім, енді текст жазуға кірісем. Мөлдір ЖАҚАН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Ең ірі мегаполис Алматыда меншікті тілші болу оңай емес. Алып шаһарда күн сайын түрлі оқиға болып жатады. Біз олардың біреуін де қалт жібермей, көрерменге шынайы ақпаратты жеткізуге тырысамыз. Дәл қазір де біз кезекті түсірілімді аяқтап, жұмыс орнымызға асығып барамыз. Әйкерім ПЕРНЕБАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІ: Ал мен тілшілік-тіршілік әлеміне жақында келдім. Тілшілердің арасындағы ең кішісі де мен. Былтыр оқу бітіріп, өмірімді телевидениемен байланыстырғанда, қандай жауапкершілік жүгін арқалағанымды білдім. Алдымдағы аға-апаларымнан үйренерім көп. Абыроймен халық үдесінен шығуға тырысып келеміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде ту төмен түсірілді
Астанадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған