Телеарнада ондаған отбасы шаңырақ көтерді

Астана телеарнасы сан түрлі тағдырды бір арнада тоғыстырды. 30 жылдың ішінде осы жерден бақытын тауып, шаңырақ көтергендер көп. Бұл үрдіс айнымас дәстүрге айналды десек, артық айтпаймыз. Жұмыс істеп жүріп, отбасын құрғандармен әріптесім Мерей Қалиасқар тілдесті.Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Арна табыстырған жұптардың біріне кезек берейік. Тіпті қазірдің өзінде олар бірге жұмыс істеп жатыр. Шахмардан монтажға жауап береді, бейнеинженер және Ақмарал копирайтер әрі СММ маманы. Сіздер қалай таныстыңыздар? Шахмардан ОРАЗБЕК, БЕЙНЕМОНТАЖЕР: Біз 2019 жылы осы Астана телеарнасында танысып, араға 2 жыл салып, 2021 жылы отау құрдық. Ақмарал ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ, КОПИРАЙТЕР, SMM МАМАНЫ: Біздің бірге жұмыс істеуіміздің бір тиімді тұсы – біздің ортамыз бір, ортақ әңгімеміз бар, араласатын достарымыз да бір. Шахмардан ОРАЗБЕК, БЕЙНЕМОНТАЖЕР: Арнамыздың 30 жылдық мерейтойы құтты болсын, әріптестерімізге шығармашылық табыс тілеймін. Ақмарал ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ, КОПИРАЙТЕР, SMM МАМАНЫ: Бұл арна мен үшін ыстық. Өйткені сүйікті ісімді тауып қана қоймай, мұнда жан-жарымды да жолықтырдым. Осындай мүмкіндік бергені үшін «Астана» арнасына алғыс білдіремін. Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Ендігі кезекте бізде жұп инженер Дулат пен әйелі Айдана. Айдана бізде арнада гример, яғни бет әрлеуші болып жұмыс істейді. Қашан таныстыңыздар? Дулат ШАУКЕТОВ, ИНЖЕНЕР: 2017 жылдың аяқ жағында таныстық. Отау құрдық 2019-да. 2 баламыз бар. Арнамыз өркендей берсін, осындай рейтингі көтеріле берсін. Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Арнамызда бір-бірін тапқан жандар легін одан әрі жалғастырамыз. Меруерт, Марлен сіздер қалай таныстыңыздар? Марлен ХАЙРУЛЛА, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕНЕДЖЕР: Мен осы Астана телеарнасына 2019 жылы техникалық бөлімге менеджер болып келген болатынмын. Сол кезде осы Меруерт Астана телеарнасында әкімшілік бөлімде қызмет атқаратын. Меруерт ТӨРЕМҰРАТОВА, РЕЖИСЕРДІҢ АССИСТЕНТІ: Астана бізге ыстық, әрдайым жүрегімде Астана. Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: 30 жылдық тарихы бар телеарна талай жанды таныстырып, табыстырды. Біз айтқан жұптар солардың бір парасы ғана. Әлі де қалам ұстап, қол ұстасып, мерейлі отбасы болатындар қатары көбеюі бек мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған
Ақтауда құлаған ұшаққа оқ атылған ба? Бозымбаев жауап берді
Көлік министрі ұшақ бортындағы 6 қазақстандық қаза тапқанын айтты
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған