Теледидар істемейді: Павлодарлық тұрғын сот арқылы ақшасын қайтарды

Дүкеннің қызмет көрсету орталығы зақымданған тауарды қарап шыққасын шағымды қанағаттандырусыз қалдырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.Павлодар қалалық сотында сатып алу-сату шартын бұзу, тауардың құны мен моральдік зиянды өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды. Былтыр жазда қала тұрғыны интернет-дүкен қосымшасы арқылы жалпы құны 517 мың теңгеге екі «Samsung» теледидарын сатып алған. Тауарды алғаннан кейін бір теледидардың жұмыс істемейтіні анықталды. Талап қоюшы бұл мәселе бойынша қызмет көрсету орталығына жүгінген, алайда оның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Орталықта тауардың пайдаланылғанын және оның сыртқы көрінісі көңіл көншітпейтінін алға тартқан. Істі қарау барысында маманның қорытындысы бойынша теледидардың панеліне механикалық зақым келгені анықталды. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 15-бабына сәйкес тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. – Сот іс материалдарын, арызданушының дәлелдерін, сарапшының қорытындысын зерделей келе, сатып алу-сату шартын бұзу, 258 880 теңге теледидар құнын және 25 000 теңге моральдік шығынды өндіру туралы шешім шығарды, – деді Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметінде. Шешім заңды күшіне енді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Демографияны көтеретін – жастар
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
Қазақстандағы ең үлкен стадион футбол ойындарын өткізуге дайын
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмектесті
Ақмола облысында интернетте ұлтаралық алауыздық тудырған тұрғын сотталды
Алматыда полицейді өлтіріп кетті: Желіде жанжал кезінде видео тарады
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары 7 жылға сотталды
Биыл Түркістан облысында 160-тан астам жоба іске асырылады