Телефон мен телевизорға телмірген балалардың ойлау қабілеті төмендеп, тілі кеш шығып жүр

Аяқ-қолы балғадай, аман-есен дүниеге келген сәбилер цифрлы технологиялардың әсерінен жүре келе түрлі ауруға ұшырап жатыр. Телефон мен телевизорға телмірген балалардың ойлау қабілеті төмендеп, тілі кеш шығып жүр. Тіпті цифрлы аутизм деген диагноз да бар қазір. Бала тәрбиесін экранның ар жағындағы контентке сеніп тапсырған ата-ана салдарын көргенде ғана «логопед» маман іздеп сандалып кетеді.Әбунасыр Сағатбай 5 жаста. Анасының айтуынша, тілі 1,5 жаста шыға бастаған. 3 жасында балабақшаға келген соң сөздік қоры дами түскен. Қазір «Р» әріпіне ғана тілі келмейді. Сондықтан аптасына екі рет логопедке барады. Маманның кеңесімен, мультфильм көруді азайтқан соң нәтиже тіптен жақсарды, - дейді анасы. Ұлболсын ЖАЛҒАСБАЙ, АНАСЫ: Телефон қарайды. Бірақ балабақшадан келгенде күніне бір-ақ сағат қана береміз. Сосын телевизор қарайды. 1-2 сағат. Демалыс уақыттарында шамалы 2 сағаттай көреді. Мультфильмдердегі персонаждардың аузына қарап бала шатасады. Өйткені онда айтылған сөз ауыздың қозғалысына сәйкес келмейді. Ал бала әуелде адамдардың аузынан шыққан үн мен еріннің мимикасына қарап сөйлеп үйренеді, дейді Мақпал Аширова. Ол 16 жылдан бері балабақшада тәрбиеші. Оның айтуынша, еңбек жолын енді бастағанда балалардың тілі уақытылы шығып, мектепке барарда сөздік қоры бай болған. Мақпал Аширова, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ: Қазіргі балалардың көбінесе «Р, Ш» әріптеріне тілі келмейді. Телфон, гаджет, компьютер барлығы балаға кері әсерін тигізеді. Керісінше, ата-ана көбірек кітап оқып берсе балаға, көбірек баламен сөйлессе, көбірек ән тыңдатып, ертек тыңдатса, ол бала жақсы, қарқынды, тез дамиды. Тілді ерте дамыту үшін сүйек мүжітіп, құрт малтатқан абзал, дейді мамандар. Бұл тіл бұлшықетіне тікелей әсер етеді. Бесік жырынан бастап, жас ерекшеліктеріне сай ертегі-жыр оқып беру қиял-көкжиегін де кеңейтеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды