Елордада өзгеше тәсілмен білім беретін мұғалім бар. Ол сабақты смартфон арқылы түсіндіріп, үй жұмысын телефонмен тексереді. Айтуынша, бұл жүйе баланың бойындағы ерекше қасиеттерді оятады. Сонымен қатар, уақытты үнемдеп, барлық оқушыдан тапсырманы сұрап үлгіреді. Ерекше сабаққа Сүндет Оралбек қатысты. Гүлсая Махмутованың әр сабағы осылай ойынмен өтеді. Қазіргі уақытта телефонға телмірген жас ұрпаққа ескірген дүние азық болмайтынын түсіндім дейді ол. Тек кітап пен дәптерді қолданғаннан көрі, әр түрлі бағдарламалар арқылы сабақтың теориялық маңызын түсіндіру оқушылар үшін тиімді әдіс екенін байқаған. СНХГүлсая МАХМУТОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Қолданып отырған телефондарын өздеріне пайдалы етіп қолданамын. "Learningapps", "Kahoot", "Quizziz" сынды бағдарламаларды сабақтың үстінде қолданса болады. Үй тапсырмасын да көп уақыт алмай сол бағдарламалар арқылы сұрап ала салатын кездерім болады. Ұстаздың бұл бастамасы көп мұғалімге үлгі болды. Күні кеше Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай өткен педагогикалық оқуда білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін әріптестеріне үйретіп, көптің ықыласына бөленді. Оқушылары сүйікті ұстазын жетістігімен құттықтады.