Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Қазақстанда барлық телефон тыңдалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бұрынғы шенеунік Олжас Әбішевтің айтуынша, барлық қоңырау жазбаларын тыңдау ұлттық қауіпсіздік комитетіне қолжетімді.“Қазақстанда телефондарды бақылау қиын емес, барлық қоңырау жазбалары тыңдалады. Өйткені қазір бәрі сандық жүйеге ауысқан. Бұған дейін аналогтық болғандықтан, қиынырақ еді", – деді ол. Әбішев бәрі "Қазақтелеком" АҚ құрылымы арқылы өтетінін түсіндірді. "Қазақтелеком" АҚ құрылымына ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) толық қол жеткізе алады. Егер WhatsApp немесе Telegram арқылы сақтанамын деп ойласаңыз, бірден айтайын, бұдан пайда жоқ. Тіпті басқа тілде сөйлессеңіз де, цифрлық аудармашылар бар”, — деді бұрынғы денсаулық сақтау министрі.