"Темекіден келетін зиянды азайтудың балама жолдары: Әлемдік тәжірибе және үздік практика"

Елордада "Темекіден келетін зиянды азайтудың балама жолдары: Әлемдік тәжірибе және үздік практика" атты конференция өтті. Онда сарапшылар аты атап тұрғандай, темекіден келетін зиянды азайту мәселесін талқылады. Елімізде жастардың вейптерді қолдану статистикасы жыл сайын арта түсуде. Әсіресе, кәмелет жасқа толмаған балалардың саны көп. Дмитрий Жуковтың айтуынша, мәселені тек тыйымдармен шешу мүмкін емес. Сондықтан оған нақты жүйелі тәртіп енгізу маңызды дейді. Өйткені темекі мен электронды вейптарды үстелден алып тастау нормалары әзірге нақты нәтиже көрсетпеген. Дмитрий ЖУКОВ, "QAZSPIRITS" ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Балалар мен жасөспірімдер бұл өнімдерді әдетте жасырын түрде бастайды. Ата-анасы көрмейтін, аулының артында, тасада еркін қолдануға мүмкіндігі бар. Мәселенің қауіпті тұсыда осында. Себебі оны біз үлкендер байқамай қаламыз. Темекі шегуге тиым бар. Бірақ орындалып жатыр ма? Оларды қазіргі нормалар бойынша сөрелерден алдырып тастады, тіпті қаптамаларын жағымсыз фотоларменде толтырдық. Елде бір реттік электронды темекіге қатысты заңды күшейту керек. Сараптамалық қоғамдастық тәжірибеге сүйену қажет деді. Мамандар өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірыңғай техрегламентті сақтау маңызды екенін айтады. Себебі, тиым салынған сайын, көлеңкелі бизнес өрши түстеді,-дейді сарапшылар. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Еркен НАУРЫЗБЕКОВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тыйым салғанмен нәтиже жоқ. Оған бұған дейінгі енгізілген нормалар дәлел. Бізде тауарлардың еркін айналымы бар. Біз оған іс жүзінде тиым сала алмай отырмыз. Оны тоқтату мүмкін емес. Мысалы, бізде денсаулық туралы Кодекс 20 жылы қабылданды. 18, 19 жылдары ол талқыланды. Ол кезде біз бұл не әкелуі мүмкін екенін ескерттік. Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың 19% - дан астамы темекі шегеді. Ең көп қолданушылар - 29-38 жас аралығындағы азаматтар. Зерттеуге сенсек, никотинді заттарды қолдану бойынша Қазақстан қазір 60 елдің қатарында. Темекі мен электронды вейптерге байланысты енгізілген нормалар салдарынан рейтингте еліміз жағымсыз нәтиже көрсетіп тұр. Сондықтан бұл бағытта нақты жүйелі тәртіп енгізілуі маңызды дейді,-конференцияға қатысушылар. Ол үшін әлемдік тәжірибе мен үздік практиканы байдалану қажет екенін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны қиындықсыз жеңді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты