Қызылордада темір пештерді ұрлаған үш ер адам қолға түсті. Қызылорда қаласы полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне қала тұрғыны арызданып, жеке тұрғын үй ауласынан екі темір пеші ұрланғаны жайлы айтқан. Жәбірленушіге келтірілген залал – 250 мың теңге. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен ұрлық қылмысына қатысы бар үш күдікті анықталды. Ұсталғандардың біреуі- бұрын сотты болған азамат. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындап, ұрлаған заттарды өткізіп, пайда көрмек болғанын айтқан. Айғақ зат ретінде ұрланған заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.