Бүгін жантүршігерлік азаппен өгей әкесінің қолынан қаза тапқан бүлдіршін жер қойнына тапсырылды. Баланың жерлеу рәсімін еріктілер ұйымдастырды. Бүлдіршіннің анасы балалар үйінің түлегі болғандықтан оған көмектесетін жақыны жоқ. Волонтерлар дәл осындай қорғансыз жандардың отбасындағы жанжал мен қатыгездіктің құрбаны болатынын алға тартады.Баланың анасы өгей әкенің бұдан бұрынғы озбырлықтарын жасыруы мүмкін,- дейді. Сондықтан тергеу мекемелерінен істі жан- жақты зерттеуді сұрайды. Еске салсақ, 23- наурыз күні Теміртаудағы пәтерлердің бірінен 2 жасар ұл баланың өлі денесі табылған. Оқиға орнынан қашып кеткен өгей әке келесі күні ұсталған болатын. Кейін 24 жастағы ер адамның баланы ұрып, 18 рет пышақтағаны анықталды.СНХ: Елена ГАНУШКЕВИЧ- ЕРІКТІ Отбасылық зорлық- зомбылық, әсіресе балаларға қатысты қатыгез қылмыстар көбейіп кетті. Қылмыскерлер балалардың қорғансыз екенін, ары кетсе, абақтыға қамалып аз ғана уақыттан соң шығатынын біледі. Жаза қатаңдатылса, олар аз да болса именуі мүмкін.Адамдар ауыр қылмыс екенін түсінуі тиіс.