Теміртау қаласында жылудың нашарлығынан 24 мектеп онлайн оқуға көшірілді

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 24 мектеп онлайн оқуға көшірілді.Сыныптар тым суық болғандықтан білім бөлімі осындай шешім қабылдауға мәжбүр. Ата- аналар бұған жаппай наразылық білдірді. Тұрғындар шаһарды жылумен қамтамасыз ете алмай отырған жергілікті жылу орталығының басшылары мен әкімдіктің лауазым иелерін жауапқа тартуды талап етуде.Теміртауда жалпы білім беретін 24- інші мектептің 1200 оқушысы бүгін қашықтан оқуға мәжбүр. Ғимараттағы ауа температурасы небәрі 6- 8 градус, сыныптар суық. Жиналысқа келген мұғалімдер қырық қабат киініп алған. Педагогтар жылу маусымы басталғалы бойлары жылынбағанын айтады. Марина ГРИБАНОВА, №24 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Терезені мұғалімдер целофанмен жауып, желімдеп жылытқан болдық. 6 жарым градус, балалар қалай шыдайды? Бұған дейін жылынды дегеннің өзінде 10-12 градустан аспайды. Балаларға қалың киінуге рұқсат бердік. Бұл мәселені қала әкімі шешу керек қой. Өткен апта аязға байланысты балалар 4 күн бойы онсыз да қашықтан оқыған. Апта аяғында сыныптарына оралуы тиіс еді, алайда қалада жылудың нашар берілуіне байланысты сабаққа қатыса алмай отыр. Бүгін шаһарда 24 мектеп онлайн оқуға көшірілді.Ата- аналар мен ұстаздар бұған жаппай наразылық білдіріп жатыр. Серік БЕКТҰРҒАНОВ, АТА- АНА: Балалар жалпы толық білім алатын ол мектеп. Мұнда давление жоқ, ыстық келіп жатқан жоқ.Әкімшілік ештеңе айтпайды. ТЭЦ бізде тамаша дейді. Ал зардап шегіп жатқан біз. Неге жылу жоқ, ТЭЦ құбырларды ауыстырмаған. Магистарлы ауыстырғанмен жылу жоқ, үйлерде де жылу жоқ. Жергілікті әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі қаланың негізгі жылу орталығы кесте бойынша 85 градус жылу беруі тиіс, алайда қазір 67 градустан асыра алмай отыр. Оның үстіне шаһардағы 5 қазандықтың біреуі істемейді. Самат ЗИЯШОВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жылу энергетика орталығы «Арселор Митталдың» проблемасы бар. Санитарно- эпидемиологиялық нормаға сәйкес мектептередегі температурный режим сәйкес келмейді. Нормаға сәйкес 17 градустан төмен болмау керек. Арселор Миттал жылу беру мәселесі бойынша айналысып жатыр.Бүгін кешке дейін жағдай тұрақталады деп сенімдеміз. Ал «Арселор МитталТеміртау» компаниясы өзіне тиесілі 5- інші қазандыққа қатысты ақпарат бермеді. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: Айта кетейік қазір Теміртау қаласында 29 мектеп бар. Яғни бүгін соның бесеуі ғана жұмыс істеп тұр. Балалар ертең де қашықтан оқитыны туралы жаңа ғана хабарлама тарады. Бұған ата-аналар наразы. Шаһарды жылумен қамтамасыз ете алмай отырған жылу орталығының басшылары мен әкімдіктегі лауазым иелерін жауапқа тартуды талап етуде. Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, АстанаТаймс Қарағанды облысынан. А. Қуаш

Читать источник astanatv.kz/kz/
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді