Полиция қызметкерлері Теміртауда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады. Медицина мекемесінің қызметкерін соққыға жаққандар қаланың екі тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Кazinform тілшісі.26 ақпанда сағат түнгі 1:00 шамасында Теміртауда көпқабатты үйдің ауласында белгісіз адамдар шақыртуға келген жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған. "Белгісіз біреулер медициналық қызметкерлерін алып келген 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтірген. Салдарынан жәбірленуші ауруханаға жатпай, медициналық мекемеге жүгінді. Полиция қызметкерлері 25 және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Шабуыл себептері әзірге белгісіз. Екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.