Теміртауда өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен азғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Теміртау қаласында 53 жастағы ер адам кәмелетке толмаған өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жазасын төтенше қауіпсіздіктегі абақтыда өтейді. Бұған дейін педофил өзінің қылмысының ауырлығын сезіп қорғаушысы арқылы жәбірленушілерге ақша бермек болған. Бұл видеода полиция оның қорғаушысын ақшамен ұстап жатыр. Алайда балалардың анасы мен прокурор азғынды қатаң жазалауды сұрады. Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушы 14 және 11 жастағы екі бірдей өгей қызын қорқытып, сексуалдық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап келген. Қорлыққа шыдамаған қыздар бірнеше айдан соң аналарына шағымданады. Айуандық әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғалып, 1 жарым жыл бойы қаралды. Іс барысында педофилдің бұрын да сотталғаны анықталды.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:Сотталушы Теміртау қаласында өз пәтерінің қонақ бөлмесінде 2009, 2012 жылы туған өгей кыздарына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленушілердің жастарын анық біле тұра, дәрменсіз, қарсылық көрсете алмайтындарын ұғына тұра әрекет бірнеше рет қайталанған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қортындыларымен дәлелденді. Ол кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне карсы қылмыс жасағандықтан ешқашан мерзімінен бұрын босатылмайды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Наурыз тойы – ұлттық мереке
Еліміз бойынша бүгінге арналған ауа райы болжамы
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қағып, екі аяғынан ауыр жараланды (Видео)
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қағып, екі аяғынан ауыр жараланды (Видео)
Қазақстанда басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданғаны үшін жазалау шаралары енгізілді
Қазақстанда колониядан босап шыққандар үшін уақытша тұру орындары құрылмақ
Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды
Еліміздің құқық қорғау органдары іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады
Алматыда көктемгі дератизация жүріп жатыр
Алматыда борышкерлердің көліктері айыппұл тұрағына қойылуда
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда автокөлікті кезексіз тіркеу мүмкіндігі пайда болды
Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы: БҰҰ туы астындағы сәтті миссия
50 мың доллармен жауып тастауға уәде берген - Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне қатысты сот қалай өтіп жатыр?
«Еңбек жолы» конкурсында жұмысшы мамандықтарының үздік мамандары анықталады
"Алып кетуге рұқсат, топырағымен бірге": Мұстафа Шоқайдың зираты бұзылғалы жатқаны рас па?
Туберкулездің алдын алу: денсаулыққа маңызды қадам
Қазақстан көлік және энергетика инфрақұрылымына 200 млн еуро инвестиция тартады
Қазақстан халқы екінші жыл қатарынан мигранттардың есебінен өсіп отыр
АҚШ Ресейдің банк саласы мен мұнайына қарсы санкцияларды күшейтеді
Алматыда төрт радикал ұсталды
Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
Ковид кезінде жерлеу қызметтерінің бағасы 1 миллион теңгеге дейін өскен – Сенатор жерлеу орындарын мемлекетке қайтаруды талап етті
"Жеті шелпек пісіру" ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі керек - қоғам белсендісі