Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлықпен көбінесе жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер қызметкерлері айналысады. Соңғы екі жарым жылда 123 қылмыс тіркелген. Олар -бюджет қаржысын жымқыру, пара алу, лауазымын асыра пайдалану деректері. «Amanat» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс- қимыл кеңесінің отырысында ыңғайсыз фактілер қарағандылық шенеуніктерге айтылып, төтесінен сұрақтар қойылды. Теміртау қаласында өткен көшпелі жиынға біздің түсіру тобымыз да қатысты.Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс- қимыл кеңесінің мүшелері Теміртау қаласына ең өзекті мәселелерді, әсіресе жемқорлық тәуекелдерін талқылауға арнайы келді. Өйткені тұрғын үй құрылысы, жер учаскелерін үлестіру мен мемлекеттік тапсырыстарда, жалақы таратуда қылмыс көбейген. Белсенділердің айтуынша, өңірлердегі кеңестер қағаз жүзінде ғана жұмыс істейді. Сондықтан көптеген сұрақтар шешілмеген. Құжат бойынша Қарағанды облысында парақорлық жоқ, ал шын мәнінде статистика жемқорлықтың қанаты кеңге жайылғанын растайды. Дидар СМАҒҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, заңсыз құрылыс салу фактілері бар. Ең жақсы жерлерді мемлекет қажетіне деп алып алып тұрғын үйлер тұрғызып тастап отыр. Осылайша қаланың бас жоспарын түпкілікті өзгерген, жер кодексі бұзылған. Құрылыс саласы- Теміртау қаласы үшін үлкен проблема. Оны дамыту үшін шаһарда жылу жетіспейді. Қыс бойы қаланы жылытатын «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты жылу қазандығында 82 рет ақау тіркелген. Тұрғындар қыс бойы дірдектеп күнелтті. Қазір қалада жөндеу жұмыстары жалғасуда. Халық партиядан осы сұрақты шешуге көмектесуді сұраған болатын. Гүлнар НҰРДІЛДИНА, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Былтыр да жоқ, биыл да жоқ, жылу мәселесі вообще ойдағыдай болған жоқ. Жылда осы ғой. Особенно мына металлургов көшесінде құбырды ашады да жатады. Жаңағының өзінде айналып бірақ келдік. Жылда осы мәселе ғой. Олег ГУСЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Арселор Митталдың екінші қазандығы әрең- әрең жұмыс істеді. Оны наурыз айынан ерте қоса алмаймыз деп айтты. Бірнеше жыл осылай, ал ел үміт артқан 7-інші қазандықтың мүлде болмайтынын мәлімдеді. Екібастұздың тағдырын қайталамасақ болды. Бүгін белсенділер осы мәселені тексерді. Шенеуніктер КарГРЭС - 1 жылу орталығы көмекке келеді деген. Сонау 1942 жылы салынған станцияның жылу қоры бар, тіпті екі жаңа ықшам аудан салса да жететін көрінеді. Бірақ оны қалаға жеткізетін құбыр жоқ. Ерлан САИРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақстанның қай жеріне барсақ та осындай жылу орталықтарындағы ең үлкен проблема ол- модернизацияға қаражат керек. Бүгін осы жердің иелері жеке компания айтып отыр бүкіл жөндеу жұмыстарын тек қана азаматтардың ақшасы түскен кезде ғана жасаймыз деп. Яғни жеке фирмалардың осындай ірі стратегиялық нысандарды модернизациялауға өздерінің шамасы жетпейді. Кәсіпорын әбден тозған. Сондықтан кеңес мүшелері Теміртауда биылғы жағдай қайталана берсе мемлекетке қайтарылсын, - дейді. Ерлан САИРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мәселе техника безопасности. Жаңа біз ана жақта көтерілдік үстінде сварка жүріп жатыр астында газовый балон жатыр. Мемлекетке стратегиялық мәні бар осындай иесіз қалған объектілерді мемлекетке қайтару мәселесін қарастыру керек қой деймін. Егер сіздер қандай да бір ұсыныс берсеңіздер біз мәжілісте соны заңдылық тұрғысынан қарауға дайынбыз. Менің ойымша Қазақстанда осындай кәсіпорындар көп. Қарағанды қаласында да құбырлар ескірген. Ал оны жөндеуді заңсыз бизнеске айналдырғандар да бар екен. Дәулет ЖҮСІПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 22, 23-інші жылы екі кәріз құбыры ауыстырылуы тиіс болатын. Бюджеті - 4 млрд теңге. Шын мәнінде құбырды қазып алып, қайтадан салып көміп тастаған. Бұл- нағыз қылмыс. Бұл дерек тексерілмеген. Ол туралы белсенділерден білген Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаментінің жетекшісі Мұрат Төлеубаев тиісті органдармен бірлесіп тексеретінін айтты.