Алматыда теңге ілуден жастар арасындағы он сегізінші республикалық чемпионат аяқталды. "Қобыланды" ипподромында өткен турнирге еліміздің 10 облысы мен 2 қаладан 35 спортшы қатысты. Ат құлағында ойнайтын жігіттер теңге ілудің үш түрі бойынша бақ сынап, нәтижесінде Шымкент қаласының және Түркістан облысының спортшылары бірінші орын алды. Айта кетейік, теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы жарыс жалғасып жатыр. Айбек ТҮРКЕБАЙ, ТЕҢГЕ ІЛУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі таңда жастар саны жвл сайын артуда. Былтыр жалпы саны 25 спортшыдай қатысқан болса, осы жылы жастар арасында 35 спортшы боп тұр. Жалпы саны 75-к жуық спортшы осы жастар және жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында бақ сынауда. Нұрәлі ЕРСІН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ: "Қос құлаш" стилі бойынша екінші орын алдым. Бұл жарысқа спортсмендер жақсы дайындалған. Қарсыластарымыз өте мықты. Чемпион болуға болатын еді, сәтсіздіктер болды.
Жаңалықтар



































