Жұрт жаппай артық ақшасын долларға айырбастап жатыр. Былтыр қараша айында қазақстандықтар 506 млн, ал желтоқсанда – 520 млн АҚШ валютасын сатып алған. Бұл- соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Экономистер оған доллар бағамының арзандауы себеп деп отыр. Қазір ақша айырбастау орындарында шетел валютасы 448 теңгеден саудаланып жатыр. "Елдің жаппай теңгені долларға айырбастауы заңды құбылыс" дейді сарапшылар. Өйткені доллар бағамының бұлайша құбылуы уақытша екенін айтады. Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ: жалпы жылдың басында экономикада бір белсенділік қатты болмайды. Біздегі белсенділік мынау бірінші тоқсан аяқталған уақытта керісінше доллардың бағасы 5-10 теңгеге қымбаттауы әбден мүмкін. Жалпы азаматтардың қаражаттары болатын болса. Бір 60-70 пайызы доллармен болғандығы және де ол міндетті түрде жаңағы екінші деңгейлі банктерде ашылған депозиттерде сақталуы керек. Ал қалған бөлігі әрине ол өзіміздің ұлттық валютада болу керек.