Бөтелкедегі жолдау... Бұл ертегі немесе әннің атауы сияқты естіледі, бірақ Италияның оңтүстігіндегі Неаполь провинциясына қарасты Баколи қаласының тұрғыны Дарио Гранде бір күні жағажайда серуендеп жүргенде ішіне хат салынған бөтелке тапты, деп жазды KAZINFORM.«Теңізбен ерекше қарым-қатынасым бар, ол менімен сөйлесіп, жауап беретін досым сияқты. Бұл қарым-қатынас міне, 38 жасымда да жалғасып жатыр. Бүгінде мен теңізді ең жақын досым санаймын», — дейді Баколи тұрғыны Дарио Гранде.Теңіз Дариоға Испаниядағы Балеар аралдарынан күтпеген жолдау жіберді. Хат иесі — 11 жасар бала өзі және хоббиі жайында жазған. Балеар аралдарынан теңізге лақтырылған бөтелке шамамен 2000 теңіз милін асып, 4 айдан кейін осы жағажайға шықты. Интернет пен әлеуметтік желі арқылы жылдам және уақытша байланыс заманында бөтелкедегі хат ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз.