Ташкенттегі мектептердің бірінде оқушының анасы мұғалімді соққыға жыққан. Оған мұғалімнің қызға жұрттың көзінше ұрысқаны ұнамаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ге сілтеме жасап. "Миллий" телеарнасының мәліметінше, Чиланзар ауданындағы мектеп директорының орынбасары оқиға болған күні оқушының анасы мен әкесі мұғаліммен сөйлесу үшін мектепке келгенін айтты. Қазір ауруханада жатқан жәбірленушінің айтуынша, оны алдымен оқушының анасы балағаттаған. Мұғалім сыныпта отырған оқушыға анасына айтылған сөздерді дұрыс түсіндіріп, оны тыныштандыруды сұраған. Алайда әйел кенет мұғалімге шабуыл жасап, бетінен ұрып, кейін денесінің әр жерін тепкілеген.Оқушының анасы мұғалімнің қызын басқа оқушылардың көзінше орынсыз ұрысқанын айтты. Әйел жәбірленушінің ұлы кенет оған шабуыл жасағанын айтты.Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.