«Тергеу басталды»: Алматы облысында каратэ жаттықтырушысы бөбекжайда бүлдіршіндерді тепкен

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында орналасқан «Айжан» бөбекжай балабақшасында жаттықтырушы балаларға қол жұмсаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.26 мамырда «Жалын» тобындағы бүлдіршінді каратэ нұсқаушысы жұлқылап, ұрған. Ауызша шағым негізінде, балабақшаның спорт залында орналастырылған бейне бақылау камерасы тексерілген. Нәтижесінде баланың айтқаны рас болып шыққан. Каратэ нұсқаушысы Мурсалиев Фархат Тоқтарұлы жаттығу барысында балаларды қолымен нұқып, теуіп, жұлқылағаны анықталды.«Балалардың денесінде көгерген немесе жарақаттар жоқ. Орын алған жағдайға байланысты, балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізіліп, каратэ нұсқаушысы Ф.Мурсалиевтен түсініктеме алынды. Педагогикалық этика нормалары мен лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген міндеттерді орындамағына үшін балабақша меңгерушісінің 2023 жылғы 29 мамырдағы №79 бұйрығы негізінде «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған»,- деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Балабақшаның каратэ нұсқаушысы Мурсалиев Фархат Тоқтарұлы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49 бабының 5 тармағына сәйкес №80 бұйрық негізінде жұмыстан босатылды. «Сонымен қатар оның үстінен полиция тергеу жүргізіп жатыр. «Орын алған жағдайға жол беріп, бақылау мен басшылықта жіберген кемшілігі үшін «Айжан» бөбекжай балабақшасының меңгеушісі Жарасова Динара Ерлановна ҚР еңбек кодексі 64 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, білім бөлімінің 2023 жылғы 02 маусымдағы №76-ж\қ бұйрығы негізінде «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні, балабақшаның «Жалын» тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына Мурсалиев Фархат Тоқтарұлының үстінен шағым түсірген. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды