Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында теріс діни ағымдағы азаматтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.«Бүгін Мәжілістің отырысында бір депутатымыз сауал жолданды. «Домбыра-харам» деген әңгіме шықты, көрдіңіздер. Айтып жүрген азаматтарға мен айтар едім: «Біздің ғасырлар бойы қолынан домбыра түсіп көрмеген бабаларымыз сонда күнәһар болғаны ма?». Теріс діни ағымдарда жүрген, заңға қайшы, Конституциямызға қарсы әрекет етіп жүрген азаматтарға тыйым салуымыз керек», - деді ол. Еске салсақ, Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясының депутаты Аманжол Әлтай қазақтың ұлттық домбырасына қатысты сауал жолдаған еді.