TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді

 TikTok және ByteDance компаниясы АҚШ президенті Джо Байден қол қойған тыйымға қарсылық білдіру үшін ел үкіметін сотқа берді. Бұл туралы «Америка дауысы» хабарлады,-деп жазады KAZINFORM.ByteDance өкілдері бұл заң сөз бостандығын қорғайтын Конституцияға енгізілген бірінші түзетуді бұзады деп отыр. АҚШ-та қабылданған заң қытайлық ByteDance компаниясына 8 айдан аз уақыт ішінде TikTok-тың американдық бөлігін сатуға мәжбүр етеді, әйтпесе елде бағдарламаға тыйым салынады. TikTok және ByteDance өкілдері активтерді сату коммерциялық, технологиялық немесе заңды түрде мүмкін емес дейді. «Бұл заң TikTok-ты 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін шектейтініне және платформаны байланыс үшін пайдаланатын 170 миллион америкалықтардың үнсіз қалдыратынына күмәніміз жоқ», - деді ByteDance өкілдері. Жаңа заңға сәйкес, егер компания шарттарды орындамаса, Apple мен Google пайдаланушыларға TikTok қолданбасын ұсына алмайды. Интернет-хостинг қызметтеріне де қосымшаны қолдануға тыйым салынады. Заң АҚШ Конгресі TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін деген алаңдаушылық білдіргеннен кейін қабылданды. Америкалық заң шығарушылар Қытай билігі америкалықтар туралы деректерді қолданба арқылы жинай алады деп сенеді. Сотқа жолданған шағымда ByteDance компаниясы TikTok-ты мәжбүрлеп сатуға «түбегейлі қарсы» және қолданбаның ең құнды бөлігі саналатын TikTok алгоритмін экспорттауға рұқсат бермейтінін айтқан. Құжатқа сәйкес, TikTok пайдаланушы деректерін қорғау шараларына 2 миллиард доллар жұмсаған. Сондай-ақ компания АҚШ-қа 90 беттік Ұлттық қауіпсіздік туралы келісім жобасының шарттарын бұзған жағдайда қолданбаны тоқтата тұру құқығын беретін «жою опциясымен» келісті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент шыршасы: жаңа жылдық мерекеге әр өңірден келген 100 бала қатысты
Полицей Антикор қызметкеріне оқ атты
Бала асырап алу оңай ма – 11 баланы асырап алған ана өз тәжірибесін айтты
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды