«TikTok» желісінде құмар ойынын ұйымдастырғандар сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігі 100-ден аса аккаунтты анықтады. Бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Қатысу ақысы мен ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады. «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Тағы 4 ұйымдастырушыға қатысты іс тергелуде.Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға айтқым келетіні олардың әрекеттері заңсыз. ҚР Қылмыстық кодекстің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар.