"TikTok"-тағы заңға қайшы барлық контентке шектеу қою қажет", - Е.Саиров

"ТикТоктағы заңға қайшы барлық контентке шектеу қою қажет". Депутат Ерлан Саиров Мәжілістің жалпы отырысында осылай деді. Депутаттық сауал жолдаған халық қалаулысы бүгінгі жастар ата-баба тәлімімен емес, «тик-ток» арқылы тәрбиеленіп жатқанын айтты. Желіде пайдалы контентпен қатар, баланы жағымсыз әдеттер мен теріс қылықтарға бастайтын бейнематериалдар да жеткілікті дейді. Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:Жасым 40-қа жақындаса да, тиктоктағы трендтен қалар емеспін. Керемет биші болмасам да, аз-маз қимыл жасайтыным бар. Кейде стримге шығып ақша тапқым келеді, енді бірде балшы болып кетсем бе деймін. Әйтеуір тиктокта құр отырмай пайда тапқым келеді. 2020 жылы Үндістан билігі тикток елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп оны толығымен бұғаттады. Ал Индонезия 2018 жылы бұл әлеуметтік желіге кіруді уақытша шектеді. 2021 жылы Өзбекстанда да тиктокқа тыйым салынды. Мұндай шешім қырғыз елінде де қабылданған. Ресей мемлекеті де желіні бұғаттау ісіне кіріспек. Тиктокты біздің елімізде де пайдалануға тыйым салу ұсынылып отыр. Негізгі себеп- қауіпсіздік және жастардың психикалық денсаулығына әсері. Депутат Ерлан Саиров жуырда қабылданған онлайн платформалар заңына сәйкес ТикТоктағы заңға қайшы барлық контентке шектеу қою қажет деді.  Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Балалардың санасын улайтын, түрлі теріс ағымдарға еліктіріп әкететін, олардың санасында қоғам туралы түсінікті дұрыс қалыптастырмайтын контенттерді бұғаулау. ТикТокты кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін қатаң шектеу немесе Қытай тәжірибесіндегідей балаларға арналған балама форматын ғана қолдануды енгізу. TikTok -әлемде ең жылдам дамып келе жатқан әлеуметтік желілердің бірі. Рейтингте 6 орында. Ай сайынғы қолданушылары 1 жарым миллиардтан асады. Бұл -әлем халқының 15,1 пайызы. Тең жартысынан астамы әйелдер, негізгі қолданушылары -жасөспірімдер. БЛИЦ-САУАЛНАМА:-  Егер уақытыңды қайда кетіреріңді білмесең, тиктокта отыруға болады деп ойлаймын. - Жаңалықтармен бөлісіп отыру үшін ғана керек. - Өзіме пайдалы ғана ақпаратты қараймын. Заңгердің жұмысын соны қараймын, болды. - Аз кіремін тиктокқа, негізі. - Лишний ақпарат көп, керек емес. Уақытты өте көп алады.  Қазір тиктокта теріс қылық көрсетіп, елдің мазағына айналған жастар да, егде жастағылар да жеткілікті. Әсіресе, ақжаулықтылардың ерсі қылығын көргенде өзің ұяласың, дейді қоғам белсендісі. Ол әлеуметтік желіні қолданушылар ең алдымен ұят боладыны естен шығармаса, обал мен сауапты білсе тиктоктың зиянынан гөрі пайдасы мол екенін айтады. Қарлығаш БЕКПАТШАҚЫЗЫ,  ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:Үлкен әйелдердің ерсі қылық көрсетуі, одан қалса, нөмірін жазып ақша сұрау барлығы адамдардың өздерінің соншалықты мәдениетінің төмендігі, көргенсіздігі. Ол өздерін қайыршылыққа апаратын жолға түсіп тұр. Дамудың жолы емес, кері кетудің жолы. «Таяқтың екі ұшы бар» демекші, тиктоктың зиянымен қатар пайдасы да бар, дейді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев. Ол әр адам тиктоктан өзі іздеген нәрсені көретінін айтады. Сондай-ақ телефон ар жағындағы көрермен барлық әлеуметтік желідегі ақпаратты ой сүзгісінен өткізіп отыруы қажет дейді.  Дәулет МҰҚАЕВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:Толығымен оны жауып тастағанымен басқа да әлеуметтік желі ашық қой. Тикток жабыла ма екен, онда басқа да әлеуметтік желілерді де толығымен жауып тастау керек. Бұл жерде әр адам өзі қырағы болу керек, әр адам өзі ненің дұрыс, ненің бұрыс екеніне көзі жету керек деп есептеймін. Байқағанымыздай, біраз ел аталған әлеуметтік желіні ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіріп, жастардың санасын улайды деп бұғаттаған. Ал Қазақстан тиктокқа желімдей жабысқан жас пен жасымысқа шектеу қоя алар ма екен?! TikTok бойынша биылғы мәлімет: TikTok – 6 орын Айына – 1,21 млрд Халық – 15,1% Әйелдер – 53% Ерлер – 47% Қолданушылар – жасөспірімдер

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
Көлік Ертіске құлап кеткен: тірі қалған жалғыз жолаушы оқиға қалай болғанын айтты
Көктайғақ, тұман: синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді
Көкшетауда 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әзербайжан ТЖМ қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды