TikTok-ты пайдалану уақыты қысқарады

TikTok алдағы апталарда жасөспірімдердің қосымшаны пайдалану уақытын күніне 60 минутқа дейін қысқартады. Ал видеоларды көруді жалғастыру үшін арнайы парольді енгізу керек болады, аталған функцияны ата-ананың келісімімен толығымен өшіруге мүмкіндік бар. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтылды.РБК ақпараттық агенттігінің жазуынша, Қытайдың TikTok әлеуметтік желісі балалар мен жасөспірімдердің қосымшада өткізетін уақытын шектеуге бағытталған бірнеше функцияларды іске қосады. «Алдағы апталарда 18 жасқа толмаған әрбір TikTok пайдаланушысына күнделікті 60 минуттық экран уақыты автоматты түрде қолданылады. Жасөспірімдерге көруді жалғастыру үшін рұқсат кодын енгізу керек болады. Олар бұл мүмкіндікті толығымен өшіре алады, бірақ егер олар оны орындаса және TikTok-та күніне 100 минуттан артық уақыт өткізсе, оларға жаңа шектеу қою ұсынылады», - деді компания мәлімдемесінде. Сондай-ақ, әлеуметтік желі «отбасы параметрлеріне» жаңа мүмкіндіктер енгізеді. Мысалы, кәмелетке толмаған пайдаланушылардың ата-аналары немесе қамқоршылары балалардың TikTok-ты пайдалану шегін өз бетінше белгілей алады, соның ішінде аптаның күніне байланысты уақыт шегінің әртүрлі ұзақтығын қоюға болады. Бұдан басқа, TikTok қосымшасының қанша рет ашылғаны және әлеуметтік желіде күндіз-түні өткізген уақыты туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, ата-аналар жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желідегі хабарламаларды өшіру кестесін орната алады. Қазір 13 жастан 15 жасқа дейінгі пайдаланушылар 21:00-ден бастап, 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 22:00-ден бастап хабарлама алмайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Қайтқан активте қайыр бар
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой