Бүгін, 12 маусымда Times Higher Education жоғары білім саласындағы халықаралық рейтинг агенттігі Impact ranking 2025 БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу рейтингісінің жаңа шығарылымын жариялады.Бұл рейтинг алтыншы жыл қатарынан жасалып отыр және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті көрсетеді. Рейтингке әлемнің 125 елінен 2152 университет кірді. Әлемдік көшбасшылар — ГФР жоғары оқу орындары. Ең көп ұсынылғандары — Үндістан, Түркия және Пәкістан университеттері. Қазақстан рейтингке 26 жоғары оқу орнын ұсынған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп (10 жоғары оқу орны). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті топ-700 (401-600 орын) позициясына көтерілді. Сондай-ақ рейтингке 6 ұлттық ЖОО, 10 мемлекеттік және 9 жеке ЖОО кірді. Жаңа талдауда деректер континенттер, елдер және университеттер бойынша салыстырылды. Қазақстандық жоғары оқу орындары білім сапасы, гендерлік теңдік және ТДМ мүдделеріндегі әріптестік сияқты негізгі индикаторлар бойынша рейтингке енген,-деп хабарлайды Қазақпарат.