Өткен түні Алматы және Жамбыл облыстарында 200 құтқарушы аймақты су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Белгілі болғандай, ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қызметкерлерімен қоса, 45 техника 5 елді мекенде қар суын бұрған. Қардың күрт еруі нәтижесінде егістіктерден ағып келген еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Алдында су басқан аула аумақтарындағы суды жою жалғастырылды. Бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мыңнан астам текше метрді құрайды. Түркістан облысында барлық су басу жойылды. Сырдария, Арыс және Бөген өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 су бекетінің жұмысы жалғасып жатыр.