ТЖМ-нің екі өңірдегі департаментінің басшыларына сот үкімі шықты

Төтенше жағдайлар министрлігі департаменттерінің басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, ҚР Әскери сотының апелляциялық алқасында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Р. Қасыбаевқа қатысты үкім шығарды. «Сотталушы мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төледі және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған. Ол билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген Антикор хабарламасында. Сондай-ақ Қызылорда облысында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Б. Стамқұловқа қатысты үкім шықты. «Стамқұлов Н. Оразбаховтан делдал А. Атажанов арқылы жеткізушіні таңдау кезінде артықшылық көрсеткені және газ толтыру пункттері бойынша жобалық құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін 500 мың теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар Стамқұлов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы ҚР ТЖМ лауазымды тұлғаларына кездесулер мен бос уақытты ұйымдастыру сылтауымен өзінің бағынысты 4 қызметкерінің 100 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иеленді. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада. Осы үкіммен пара беруші Н. Оразбахов 3 жыл мерзімге, делдал А. Атажанов 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады. Сот үкімдері заңды күшіне енбеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Астана" баскетболшыларының әр ойыны рекордқа ұласып жатыр
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Қазақстанда президент резиденциясының орнына стадион салынады
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Мас астаналық есігі ашық көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Оңтүстік Корея Парламенті президентке импичмент жариялады
Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
Қарағандыда ауа райына байланысты жол жабылды
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
"Астана" баскетболшыларының әр ойыны рекордқа ұласып жатыр
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Еріктілер Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты: 14 желтоқсан 2024, 17:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz