Тікелей эфир - сіз тіпті елестете алмайтын адреналин. Дәл мен тұрған студияда талай жүргізуші болды. Астана арнасы талай жанды көгілдір экран арқылы елге танытты. Бағын ашып, жұлдызын жақты. Тікелей эфирге шыққан әрбір жан абыройлы міндет алып, үлкен жауапкершілікті арқалады. Алайда тікелей эфир әрдайым қалыпты өте бермейді. Қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Әріптесім Бекболат Сатуов арнамыздағы жүргізушілер туралы бейнематериал дайындады.Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ: Торғын Мелісқызы, сіз осы телеарнада 18 жыл қызмет атқардыңыз. Қарапайым тілшіліктен телеарна тізгіншісіне дейін шығып, көрермен көзайымына айналдыңыз. Сізді диктор ретінді таныды. Эфирді тізгіндеу жауапкершілігі қандай? Әлі күнге дейін күліп еске алатын естеліктеріңіз бар шығар? Торғын ОСПАНБАЕВА, ЖУРНАЛИСТ: Бұл арнада 5 жылдай эфир жүргіздім. Енді жүргізушінің жауапкершілігі өте мықты болу керек қой. Оның алдында, мойнында көп нәрсе тұрады. Біз сол кезде съемкаға өзіміз барып, тақырыптарды түсіріп келіп, кешкіге сюжетті жасайтынбыз. Сюжетті өзіміз монтаждайтынбыз. Сосын түк болмағандай кешкі эфирде соның бәрін жаңалыққа көрерменге жеткізіп отырдық. Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ: Диктордың жұмысы осы жерден басталады. Мұнда мамандар жүргізушінің бет-әлпетін әрлеп, эфирге дайындайды. Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ: Өте асығыспын, эфирге жарты-ақ сағат қалды. Эфирде штаттан тыс көптеген оқиғалар орын алуы мүмкін. Антаркс жанбай қалуы мүмкін, суфлер жүрмей қалуы мүмкін. Ондай нәрсеге дайын болу керек. Өйткені, тікелей эфир. Бүкіл нәрсе болуы мүмкін. Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ: Ал бұл - сіздер күнделікті көгілдір экраннан көретін жаңалықтар студиясы. Мұнда да қарбалас, тікелей эфир алдындағы дайындық. Әр эфирдің баршаға таралуы үшін талай адам еңбек етеді. Кадрдың сыртында қаншама адамның қолтаңбасы бар. Сурдоаудармашылардың да үлесі зор.Айдана ӨТЕҒАЛИЕВА, СУРДОАУДАРМАШЫ: Мен осы салада 13 жылдық жұмыс тәжірибем бар. Эфир, әрине жауапкершілігі мол. Себебі саңырау қоғаммен жұмыс істейміз. Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ: Телевизия - синтездік өнер. Оператор, монтажер, режиссер, режиссердің ассистенті, дыбыс режиссері, міне, осы жандардың барлығы эфирдің жақсы, ойдағыдай өтуіне атсалысады. Жаңалық жарыққа шығып, көрермен жүрегіне жетсе, ұжымдық жұмыстың нәтижелі болғаны.